Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


9.4.4 Еңбек шарты

Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?

9 сынып

Оқу мақсаты:

9.4.4.1 құқықтық жағдаяттарды талдап еңбек шартының мазмұнын ашу

Концепт

дәлел

Бағалау критерийлері

  • Еңбек субъектілері, жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы ұғымдарын біледі.
  • Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтарын, міндеттерін жіктейді.

Тілдік міндеттер

Пәннің сөздік қоры / Пәннің лексикасы мен терминалогиясы:

  • Жұмыс беруші
  • жұмыскер
  • жұмыс уақыты
  • тынығу уақыты
  • жалақы
  • еңбек шарты

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Жұмыс режимі: (...)

(...)

Тынығу уақытының сақталуы маңызды, себебі ( ...)

Демалыс уақытында алаңдамау керек, өйткені (...)

Жалақы...

Құндылықтарды дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану, слайд- презентацияны сабақта пайдалану.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

10 минут

15 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Өткен тақырыпты қайталау.
  • Ой-шақыру. Сабақтың тақырыбын жарияламас бұрын сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға сурет слайдттарды көрсету.
  • Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттарымен оқушыларға таныстырылады.
  • Оқушыларға бейнекөрсетілім арқылы жағдаятты көрсету. Оқушылар жағдаятты қарап шығып, талдау жасайды. Берілген құқықтық жағдаятты талдап еңбек шартының мазмұнын ашады.
  • Б/Т Кейс технологиясы. Топтық жұмыс.

Топтар төмендегі жағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. «Жұмыс уақыты» кейсіне ҚР Еңбек кодексінің 7-тарауы;

«Тыңығу уақыты» кейсіне ҚР Еңбек кодексінің 8-тарауы;

«Жалақы» кейсіне 10-тарауы беріледі.

Сұрақтың өмірлік болуына байланысты негізінен дұрыс жауаптар беріледі.

1-жағдаят:

«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

2-жағдаят:

«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)

3-жағдаят:

«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады. Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».

(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)

4-жағдаят:

Он алты жасар Қасым фирмада істейді, жүк жеткізіп, басқа да «ауыр» дене жұмыстарын атқарады. Онымен бірге жиырма жастағы Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Бухгалтер, біріншіден, Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте, екіншіден, Қайрат қалай болғанда да

директордың алыстан келетін туысы, деп жауап береді. Бухгалтердің дәлелі қаншалықты сендіре алады?

Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады, өздерінің шешімдерін дәйектер келтіре отырып, негіздейді. Бір-біріні бағалайды.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Еңбек шарттың маңызыдылығы неде?

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау

www.youtube.com/watch?v=SmG0uP3Fv8U

http://adilet.zan.kz

ҚРЕК 22-бап

ҚРЕК 23-бап

еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Еңбек шарттың маңызыдылығы неде?

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қосымша ақпарат оқып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік ережелері

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылардың сабақ барысында дұрыс отыруын,  топтық жұмыс кезінде оқушылардың қимыл-қозғалыстарының қауіпсізігін қадағалау.

 Оқушыларға отрудың пайдасын ескерту.

Оқушылардың тұлғасын дұрыс ұстауға, сабақ кезінде тапсырмаларды орындаған уақытта денсаулық сауқтауға көмектесетін қарапайым ережелерді ескерту:

-арқаны міндетті түрде тік ұстау керек, екі иық бірдей биіктікке және иық буындарына ойша жүргзілген сызық үстел бетіне паралель болғаны жөн, арқа орындықтың арқалығына тірелуі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру