Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Еңбек шарты

Мектеп: Алматы қаласындағы ХББ НЗМ

Уақыты:

Сынып: 9 (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мұғалімнің аты-жөні: Куликенова Г.Х.

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?»

Оқу мақсаты

Құқықтық жағдаяттарды талдай отырып, еңбек шартының мазмұнын ашу

Сабақтың мақсаты:

Еңбек шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау

Бағалау критерийлері

- Еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуы, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды;

- Еңбек шартының үлгісін жасайды

Тілдік міндеттер:

Оқылым мен айтылым

ҚР Еңбек кодексі баптарын оқу және түсіндіру

Жағдаяттарды талдау негізінде айтылым дағдысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Жеке еңбек шартында (...)
  • Еңбек шартын жасау қажет, себебі (...)
  • Тараптардың құқықтары мен міндеттері (...)
  • Жұмыс беруші (...), қызметкер (...)
  • Еңбек заңнамасына сәйкес (...)
  • Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу..
  • Жұмысшының бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу...

Құндылықтарды дарыту

  • жауапкершілік
  • ашықтық

Пәнаралық

байланыстар

қазақ тілі, өзін-өзі тану, әдеп, экономика

АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтордан ақпарат материалдарын пайдалану

Алдынғы білім:

Еңбек кодексін еңбек құқықтық қатынастарының негізгі қайнар көзі ретінде біледі.

Жоспар

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша тапсырмалар

Дерек көздері

Сабақтың

басы

7-8 минут

Миға шабуыл. Оқушыларға слайдтан «Гипотеза/ Болжау» әдісі негізінде суреттер ұсынылады. Сурет бойынша төмендегі сұрақтар беріледі:

- Назарларыңызға қандай жағдай ұсынылып тұр?

- Бүгінгі тақырып неге байланысты деп ойлайсыздар?

М Болжамдар айтылған соң алдыңғы сабақта өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырылады. Сабақ жоспары қысқаша баяндалып, сабақтың соңғы нәтижелігі анықталады және еңбек шарты мен қатынастар туралы анықтамалар жасалып, видео көрсетіледі.

Еңбек құқығы:

  • Жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
  • өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
  • еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
  • еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар

М Бірнеше еңбек құқық бұзушылықтарына байланысты жағдаяттардан бейнебаянда мысал келтіріледі.

Оқушыларға сұрақ қойылады:

-Мәселені шешу үшін қандай әрекет еткен заңды және дұрыс болар еді?

Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:

1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.

2) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.

3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.

4) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті.

5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.

https://www.youtube.com/watch?v=Xbk-fQfKGg4

https://www.youtube.com/watch?v=bHcDBExS5wA

https://www.youtube.com/watch?v=SmG0uP3Fv8U

http://www.enbek.gov.kz/ – Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі («Еңбекті қорғау» бөлімі).

Таратпа материалдар: ҚР Еңбек кодексінің баптары

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414

Сабақтың

ортасы

10 минут

3 минут

Жауаптар айтылады. Жауаптардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау үшін топқа бөліп тапсырмалар ұсынылады.

Т Оқушыларды 3 топқа бөледі.

Тапсырма: берілген ҚР Еңбек кодексінің баптары бойынша құқық бұзушылықтың түрін анықтаңыздар.

Критерилер:

- Еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуы, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды;

- дескриптор негізінде топтар өзара бағалау жүргізеді.

Дескриптор:

мазмұны

құқық бұзушылықтың түрін ажыратады

құқық бұзушылықтың белгісін анықтайды

еңбек кодексінің баптарымен дәлелдейді

+/-

https://informburo.kz/kaz/zhmyskerd-yy-nen-blu-kerek-.html

https://www.enbek.kz/docs/kk/node/65

https://www.enbek.kz/docs/kk/node/67

https://articlekz.com/kk/article/16888

5 минут

Ж оқушылар жұпқа бөлініп тапсырманы орындайды

Тапсырма: берілген ҚР Еңбек кодексінің негізінде Еңбек шартын құрастырады.

  • жеке еңбек шартын жасасудың мерзімдері қандай?
  • жұмысынан айрылуына байланысты қызметкерлерге берілетін өтемақы төлемі мөлшері жəне берілу тəртібі қандай?
  • еңбек шарты бұзылғанда қызметкерлерге еңбек кітапшасын жəне еңбек қызметіне байланысты құжаттарды беру тəртібі қалай?
  • қандай жағдайларда тараптардың, оның ішінде қызметкердің еркінен тыс мəн-жайлар бойынша еңбек шарты тоқтатылады?
  • жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімі талаптары барлық қызметкер үшін белгіленген бе, оған қойылар талаптары мен сынақ нəтижесі қандай?

Критерилер:

- Еңбек шарты үлгісін жасау барысында жұптарға бөлінген сұрақтарды қамтуы қажет

Дескриптор:

  • тараптардың құқықтарының сақталуы, сақталмаған жағдайда ҚР ЕК негізінде қолданылатын шаралар

Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған окулық /А.Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2006ж

www.e.gov.kz/ – Қазақстан Республикасы Электронды Үкімет. («Ақпарат каталогы» бөлімі, «Еңбек» тақырыбы, «Еңбек қатынастары. Жеке еңбек шарты» тақырыпшасы);

Сабақтың

Соңы

5 мин

Рефлексия

INSERT әдісі

Кері байланыс

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру