Тіл үйренейік. Қазақ тілі, 5 сынып, теориялық материал. 14 сабақ


 Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы.

 Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер фонематикалық, фонетикалық,

тарихи-дәстүрлі, айырым принциптеріне негізделеді.

Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңының екі түрі бар: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі. Біз бүгінгі сабақта буын үндестігіне тоқталатын боламыз.

Құмыра, бауырсақ (бірыңғай жуан)

Жүгері, еңбекші (бірыңғай жіңішке)

Құмыра-лар, бауырсақ-ты

Жүгері-нің, еңбекші-ге

Буын үндестігі дегеніміз — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып үндесуі.

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді:

1) басқа тілден енген сөздерде: кітап, кино, математика, қазір;

2) біріккен сөздерде:  шекара, баспасөз;

3) қос сөздерде: аман-есен, асығыс-үсігіс, асты-үсті.

Дереккөзі: kk.wikipedia.org/wiki/Орфография

http://www.tarbie.kz/13734



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.