Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ:

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалімдер:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

  • бөлім: Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

О. Бөкей «Атау кере» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Сабақ мақсаты:

«Атау кере» романында көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бағалау критерийі:

  • Шығармада көтерілген мәселелерді анықтайды;
  • Мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

Оқушылар «Қыз Жібек» операсы бойынша тапсырмалар орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

«Маңдайдағы стикер» әдісі.

Тақтаға бір оқушы шығады. Оның маңдайына 1 кейіпкердің аты жазылған стикер жапсырады. Орындарында отырған оқушылар тақтадағы оқушыға кейіпкер мінезі арқылы жұмбақтауы керек.

Ерік, Айна, Нүрке, Таған есімдері жасырылады.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

https://kitap.kz/book/1947/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)

Сабақтың ортасы

34 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма. Шығармадан берілген үзінділерді оқи отырып, көтерілген мәселелердің бірін таңдап, кестеге салыңыз. ТЖ

  • жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады...»Нюра - Нүрке
  • Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі… біздікі өзіміз үшін.

Айна

  • Адамзат өз жаратылысында, алғашқы қауымдық құрылыста дейінші, бүгінгі ғылыми-техникалық замандағыдан әлдеқайда көп еңбек етіп, күш жұмсайтын, тек кейін еңбекті жеңілдетеміз деген сылтаумен әр түрлі құрал-жабдық, айла-тәсілдер ойлап тауып, еңбекқорлық қабілетін жоғалта бастады. Тіпті ең қарапайым қажеттілік — тамақ істеп ішудің өзін автоматтандырдық... Қазір біз неғұрлым тұяқ серпіп қимылдамай-ақ, шалқамыздан түсіп жатып шалқар байлыққа кенелтер құрал жасалған сайын, жанымыз жарылқана түседі. Қазір-ақ біз жатып ішер жалқаулықтың бұрынғы-соңды болып көрмеген жаңа дәуірін кешудеміз. Өзіміз ойлап тапқан жеңілдіктер бойкүйездіктің бесігінде әлдилеген сайын маужырап, бойымыз балқып, апиын ішіп алжасқандай, дел-сал, ұйқылы-ояу хал меңдеп барады-ау. Рас, миымыз жұмыс істейді, біліміміз мұхиттай, бірақ бүкіл ағзамыз қимылсыз, қозғалыссыз, тұйық су секілді борсып, бірте-бірте өле бастамағанына кім кепіл. Жо-жоқ, адамзатты жұмаққа жеткізер ақыл-ойы ғана емес, төрт аяқтап хайуандармен бірге жайылып жүрген жерінен алып шығып, сананың сандал көгіне мінгізген қара күші де... Неге біз қол еңбегінен қашқанда, сол қол еңбегі — мұқым еңбек атаулының анасы екенін ұмытып, күрек пен кетпенді, балта мен балғаны музейге қоюға асығамыз. Бәлкім, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш өмір, бейбіт ғұмырдың бойтұмары сол қарапайым еңбек құралдары шығар. Еңсеңді езер еңбек ләззатынан, қол-аяғың салдырап шаршап келіп етігіңді шешуге де шамаң келмей ұйықтаудан рақат не бар бұл жалғанда. Бәлкім, адам факторы — ең бір әлсіреген, техникаға иек сүйеп, еріншек тартқан...

2-тапсырма.

Топта талдаған мәселеге өз көзқарасыңызды эссе немесе өлең түрінде жеткізіңіз.

Бағалау парағы

төмен

орта

жоғары

Берілген үзіндіде көтерілген мәселелердің бірін таңдап себеп-салдар айналмасы кестесіне салып талдайды

Талдаған мәселеге өз көзқарасын шығармашылықпен танытады

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Сабақтың басында ….

Сабақтың ортасында ....

Сабақтың соңында ....

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу