І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 11 сабақ.
Эпизодтар
«Қаһар» романынан берілген эпизодтарды оқып, біріңіз оқиғаға байланысты пікір білдіріңіз, екіншіңіз шағын эпизодты жеткізудегі жазушы шеберлігіне, үшіншіңіз көркемдегіш құралды қолдану ерекшелігіне түсінік, төртіншіңіз кейіпкерге мінездеме беріңіз.
Сабақтың тақырыбы:
І.Есенберлин “Қаһар” романыСабақтың мақсаты:
Шығармашылық жұмыс.
Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
Бейнесюжет
«Қаһар» романының қабырғада ілулі тұрған эпизодтарындағы негізгі оқиғаны толықтырып, солардың ішінен біреуін таңдаңыз. Бұл оқиғаны қысқаша фильм түрінде қалай түсіретініңізді талқылаңыз.
Топ мүшелері өзара төмендегі рөлдерді бөліп алыңыз:
сценарий жазушы
режиссер
фотоға түсіруші,
редактор
актер (егер қажет болса) рөлдерді бөліп және бес минуттік фильм сценарийін құрастырыңыз.
Өз фильмдеріңізде таңдаған үзіндідегі сипатталатын құндылықтарды сақтауды, көтерілген мәселені айқындауды және өз тараптарыңыздан қазіргі заман тұрғысынан ғаламдық тақырыпқа қатысы бар креативті ой қосуды ескеріңіз.
Комментарий
Әр топ өздері түсіретін фильмнің сценарийін таныстырғаннан кейін оқушылар фильм романда көтерілген мәселе мен құндылықтарды сипаттайтынын талдап, сонымен қатар өз тараптарынан қосылған креативті ой көрінісіне комментарий жасайды.
Топтық бағалау
ПОПС формуласы
Сабақта шығармашылықпен жұмыс жасау мақсаты бойынша жүргізілген жұмыс ұтымды әрі қызықты болды;
Менің әлі де игере алмай отырған дағдыларым бар...
деген тұжырымдардың бірін таңдап, сабаққа рефлексия жасаңыз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.