І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.


  • «Қаһар» романының «Бүліншілік эпиолгі» бөлімінен үзінді оқыңыз, оқылған мәтіннің мазмұнына, кейіпкер бейнесіне байланысты талқылау сұрақтарын дайындаңыз.
  • Оқығандарыңыз бойынша бір-біріңізге сұрақтар қойып, талқылаңыздар. Кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, дауыстап оқыңыз.
  • Әрқайсыңыздың өз топтарыңыздада талқылаған белгілі бір кейіпкердің рөлінде өз сыныптастарыңыздың сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктеріңіз бар:
  • Кейіпкердің ойы мен сезімі;
  • Уақыт және оның олар үшін маңыздылығы

1-топ

Кенесары қазақ елін талан-тараж етіп бөліп алып жеке билеуге үйренген аға сұлтан билердің өзінің «елді біріктірем» деген ниетіне қарсы екенін білсе де, дәл Ұлы жүз бен қырғыз жерінде өзіне мұндай қақпан құрылып жатқанынан бейхабар еді. Ал хандығын сактаудың бөтен жолын таба алмаған соң, ол биыл Ырғыз — Торғай жағасынан көтеріліп, Шу мен Іле бойына көшіп баруды жөн көрді. Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан қауіп-қатер төнетін болса, Ұлы жүздің шетін ала қыс Балқаш көліндегі ұзындығы жетпіс бес, көлденеңі он бес шақырым, жан-жағын су қоршаған, тек өндірі ғана құрғақ, Қамал* аралына бекінуді ұйғарған. Келесі жылы жаз шыға, Әулиеата, Мерке тұсына көшіп, Қоқан хандығынан жәбір жеген кырғыз елін, Сайрам, Шу, Сыр бойының қазақтарымен біріктіріп, қайтадан жауына қарсы шықпақ болған. Ол үшін Қоқан ханының тегеурінінен кұтылып, Қытай мемлекетіндегі қазақ руларымен — тіпті қиын болып бара жатса солай қарай өтіп кетуді де сыр ғып түйген. Қол жалғаспақ-тын. Бірақ мұның бәрі әлі сыртқа шықпаған ой. Кенесары осы ойын ақылдаспақ болып қарамағындағы батыр, билерін шақырған. Кешеден бері Торғай өзенінің бойындағы белгісіз оба жанына шақырған адамдары жинала бастаған. Бұлардың ішінде өзінің батыр серіктерінен бөтен Кенесарыға соңғы кезде қосылған Бегімбет руынан Тәуке батыр, Арғынның Төлек руынан Жәуке батыр, Қарауыл руынан Баубек батыр, Керей руынан Қошқарбай батыр, Төртқара руынан Бигелді мен Әйгер батырлар, Берді руынан Сүгірбай батырлар бар. Әрқайсысы Торғай өзенінің бойына қостарын тігіп мәжілісті күтіп жатқан. Мәжіліс ертең басталмақ. Ал Кенесарының бүгінгі әңгімесі соның алдын ала ең жақын ақылдас серіктерімен кеңесу еді. Көрген түсін ортаға салуы да оның алыстан орағытқан айласы.

— Сонымен қырғыз, қоқан, орыс бірігіп кетсе қайтеміз, дейсің ғой, Әбілғазы? — деді Кенесары кенет шырқай шыққан әнді де, миын шырмай жөнелген ойды да өзінен қуып, манағы әңгімелеріне қайта оралып, - сонда Ұлы жүз бен Сыр бойында көшіп жүрген Кіші жүздің қазақтарын есепке алмайсың ғой?

— Алмаймын. Тұлыпқа мөңіреген аусыл қарадай болып жүрмесек нетсін...

— Сондықтан да алыстан арбалағанша жақыннан дорбалаған жөн, — деді Таймас.

— Арқадан кетуіміз арманнан кетумен парапар..

— Сонда... — Кенесарының түксиген қабақтары көзін жауып жіберді. Бұл оның ашуланған белгісі, — ақ патша қаһары арқамызға аяздай батса да шыдай бер демексіңдер ме?

— Шыдамасқа амалымыз болып тұр ма?—деді Таймас күрсініп, Кенесарының топ қуғыншының ортасына түскен жаралы көкжал бөрідей қиын жағдайын жақсы түсінгендіктен, сөзін батыра айтып, — бізге жеткен ақ патша, Қоқанға жетпей ме? Тескен тау өтіп кетпесең қашып құтыла алмайсың... Одан да...

— Иә, одан да? — Үлкен халық қой, бәрі бірдей Аршабоқ, Обыріш, Бесонтиін секілді шетінен бұзық емес шығар, еліне, жұртына сүйеніп тіл табу керек...

2-топ

«Қанына тартпағанның қары сынсын дейді ғой халык, бүкіл қазақ елін әлде де хан тұқымының абыройынан төмен санап отырғанын қарашы, хан иемнің». Таймас енді алыстан орағыта сөйледі.

— Түс жоруыңа қарасам, алдымызда күткен тек ажал бар. Әлі де болса ойлансақ, Кенеке...

— Арманыма жету үшін орта жолда ажалым тұрса, одан қорқып бас тартпан. Он сегізімде найза ұстап, жауға шапқанымда, түбі жау қолынан өлетінімді білгем. Несіне ойлан дейсің маған? — Артыңызда ерген жұртыңыз бар ғой. Оның тағдырын қайтесіз? — Мақсатына жете алмаған жұрт енді маған ермейді. Ал ере қалғаны мен не көрсем, о да соны көреді. Бір қайыкка мінсек, енді ажалымыз да, амандығымыз да бір болады. Таймастың іші мұздап кетті, «Япырмай, бар халық қырылып калса да Кенекең жартастай мызғымас. Мұндай да тастай қатты адам туады екен!» Бірақ Кенесары өзінің сөзінен шықгы. Осыдан екі жылдай өткен соң, Кекілітау баурында бар қолын қырғыз, қоқан, орыс әскері қоршап алып, құтылу жолы жалғыз ғана қоршауды бұзып шығу болғанда, ол: «Аттарымыз мықты, біз коршауды бұзып шығармыз, ал аттары нашар өзге жұрт не істейді? Жоқ, соңымнан ерген серіктерімді тастап, ажалдан құтылмағаным-ақ болсын!» — деп өзі қолға түскенше әскерімен бір болды, оларды тастап бас сауғалап кашпады. Дәл осы сәтте Таймас Кенесарыға көршілес елдерден де сонынан ермеген қазақ руларынан да рақым болмайтынын анық түсінді. Оған кенетхан Кене жан-жағын тасқын қаптаған жалғыз 284 бәйтерек тәрізді көрініп кеггі. «Ұзаққа шыдай ала ма сол жалғыз бәйтерек? Бұл сұраққа жауапты тек уақыт қана бере алатын тәрізді, Таймас Кенесары басына төнген қара бұлтты еш дауыл сырғытып әкеге алмайтынын тағы анық сезінді. Ол жараланған қасқырдай неден болса да тайынғысы келмей тұрған қолбасшысын аяп кетті. Ең болмаса соңғы ақылын айтып жәрдем бергісі келді.

— Егер жұрт, туған жерінен айырылғысы келмесе қайтеміз? — деді Таймас.

— Оларды сойылдың күшімен көшіре аламыз ба?

— Ондай қаталдықтың енді керегі қанша? Ергені ерсін. Ергісі келмегені қалсын.

3-топ

Халқымның жеткен жері сол болса, өкпелегеннен не табасьщ... Ертеңіне мәжіліс ашылды. Кенесары бар жағдайды ашып беріп, Шу мен Іле бойына көшуден бөтен жол жоқ деп сөзін бітіріп: «Ал енді қандай кеңестерің бар?» деп, отырғандарға көз тастады. Отырғандар еш жауап бере алмай жерге қарады. Осылай бірталай мезгіл өтті. Әлден уақытта барып Тәуке батыр:

— Атта жал, адамда қам жок, — деді ауыр күрсініп, — біз қозғалып Шуға жеткенше қыс болады... Қыс та бір, жау да бір, босып барып қырылғанша, ажалды атамекен жерімізде тосып алған жөн. Ең болмаса көмусіз қалмайық. Көшудің қажеті жоқ. Тағы да ешкім үндемеді. Тек от тісті, орақ ауызды қызу қанды Қыпшақ Иман батыр орнынан атып тұрып: — Не малтаңды езіп отырсың, Тәуке батыр? — деді даусы дала қыранындай ш аңк етіп, — жерінен, суынан айырылған халқына, Кенекең «әлі де болса жауыңа жеңгізбеймін, соңымнан ер» деп отырғанда, ел басына бүгінгі туған ауыртпалықтан қорқып, кейін шегінейін дедің бе? Атта жал, адамда қам жоқ, қыс көзі қырауда деп елдің қамын ойлаған боласың, Тәуке! Айдаһардай жұтайын деп келе жатқан жауынан соңынан ерген аз елін басқа жаққа әкетпек Кенекеңнің шешімі ел қамы емей, ненің қамы? Маған салсаң, қарамағымдағы елу ауылды ертіп Шуға қарай бүгін көшуге бармын. Туған жерім деп ақ патшаға кеткен қайырсыз конысқа жабыса берер жайым жоқ. Бұл мәжіліс екі күнге созылды. Ақырында қарамағындағы елдің азғанасы ғана Кенесарыға еріп, қалғандары өздерінің тастап кеткен жеріне қайтпақ болды. Күздің қара суығында бір тайпы ел екі бөлініп көшті. Қоштасқан найзагер достар, бірін-бірі қимай әзер айырылысқан сүйіскен жүректер, жылаған бала, жоқтау айтқан әйел, қайғы-қасіреттен адамның төбе шашы тік тұрарлық,.. Ең алдымен Арқаға қайтпақшы елдер көтерілді. Бұларды қыстың аязымен бірге ақ патша аға сұлтандарының қаһары қарсы алды. Әсіресе Қоңырқұлжа қарамағынан қоныс алған жұрт қатыгез қанды балақ аға сұлтаннан зар жылады. Ол Кенесарыда кеткен өшін қайтып келген елден алды. Бірақ онын да аға сұлтандык өмірі ұзаққа созылмады. Қиянаты тыстан асқан кезде бұның кылмысын тексеруге Омбыдан комиссия шықты. Сол комиссияның ішінде әділетті арман еткен жас офицер Есіркеген де бар болатын. Ол былтыр ғана Петербург кадет корпусын бітірген-ді. Және өткен жылы сол қалада Күміске үйленген. Қазақ елінің келешегі тек ұлы орыс халқымен ғана бірге болса көгеретініне әбден көзі жеткен жас офицер Қоңырқұлжалардан кұтылу керек екенін де ұққан. Сондықтан өзінің демократшыл орыс офицерлері арасындағы кадірін пайдаланьш, комиссияның сатылған өзге мүшелерінің пікірін аяқсыз тастатып, Қоңыркұлжаны орнынан түсіртті. Сөйтіп аз да болса елі-жұрты мен Күмістің өшін кайтарды.

4-топ

Ал Кенесары соңынан қуғыншы шықпасын деп отырған жерінен қыс түсе көшті. Кенесарының соңынан мың каралы үй ерді. Қалған калың бұкара қаны қарайған ханнан іргесін аулақ сальш, өз қоныстарына тарады. Көш алды қара құрымданып ылдиға түсіп кеткенде, Кенесарымен бірге төбе басында тұрған Досқожа акын шыдай алмай домбырасын қағып-кағып жіберіп, көзіндегі жасын іркіп алды да, қарлыққан дауыспен жыр тоғытып қоя берді.

Қалдың деп қайран елім, кең қонысым,

Қамығып тұрды Кене жұртын ойлап.

Кене хан енді көшті «я, кұдайлап!»

Тұрған соң хан қамығып, ел жабығып

Досқожа толғай берді кегін қайрап....

Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді. Шыдай алмаған Кенесары алға қарай асыға шаба жөнелді. Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Иман, Құдайменді, Наурызбай, Бопай, Таймас, Әбілғазы, тағы бір топ кісі аттарын борбайлай қайшылап соңынан ерді. Осыдан жеті жыл бұрын, көтеріліс басталған сәтте-ақ Кенесарыға қосылған бұл батырлардың ішінде, ел билігін қайтадан қолына алған Жоламан сұлтан ғана жоқ еді. Кенесарының бұл асыға көтерілуі ажалына асығуы болды. Екі жыл өтпей биылғы көрген түсі дәл өңіндегідей келіп, ол Кекілтауының бауырынан ажал тапты. Ал мынау көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.