Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
«Ойтаным себеті» әдісі арқылы оқушыларға ой қозғау мақсатында сұрақтар қойылады.
Шығарма неліктен «Жалғыз» деп аталған?
Жалғыздық ұғымын қалай түсінесіңдер?
Неліктен жалғыздық Құдайға ғана жарасады деген түсінік қалыптасқан?
Автор жалғыздықты қандай мысалдар арқылы түсіндірген?
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тарих тағылымыСабақ тақырыбы:
Ж.Бөдеш
«Жалғыз» поэмасы
Оқу мақсаты:
АИ5. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
Сабақ мақсаты:
Поэманы әлем әдебиеті шығармаларымен салыстыру, ортақ құндылықтарды анықтау;
Шығармада көтерілген басты мәселені талдау, пікір білдіру.
Бағалау критерийлері:
Берілген шығармаларды мазмұндық, мағыналық жағынан салыстырады, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды.
А/И5. Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау.
Топқа бөліну. Оқушылар әлем әдебиеті өкілдерінің есімдері арқылы 4 топқа бірігеді.
1-топ: М.Ю.Лермонтов2-топ: А.С.Пушкин3-топ: И.Бунин4-топ:Б.Пастернак1-тапсырма. Топтық жұмыс.
«Жалғыз» поэмасы мен әлем әдебиеті шығармаларын салыстыру, ортақ құндылықтарды анықтау.1-топ. М.Ю.Лермонтовтың «Парус» өлеңімен салыстырады.
2-топ. А.С.Пушкиннің «Анчар» өлеңімен салыстырады.3-топ. Иван Буниннің «Одиночество» шығармасымен салыстырады.
4-топ. Б. Пастернактың «Жалғыздық» («Свеча горела на столе») шығармасымен салыстырады.Дескрипторлар:
- өзге шығармалармен салыстырады;
- айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады;
- ортақ құндылықтарды анықтайды;
- қазіргі өмірмен байланыстырады;
- топтық жұмысқа белсенді араласады.
Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, позитивті пікірі, сындарлы сын, келешекке ұсыныс білдіреді.
2-тапсырма. «Оқырман пікірі» стратегиясы. Жеке жұмыс.
Шығармаларда көтерілген басты мәселені оқырманның көзқарасынан біліп алу немесе пікірін білу. Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Мәтін мағынасына қойылатын сұрақтар:
Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Оқып отырғанда не туралы ойладыңыз? Шығарма оқиғасындағы ең маңызды мәселе қандай? Осы шығармада қандай сұраққа жауап жоқ?
2. Шығарманың тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:
Егер сіз осы шығарманы қайта жазатын болсаңыз нені өзгертер едіңіз? Бұл шығарма несімен ерекше? Неге?
3. Автор стиліне байланысты қойылатын сұрақтар:
Автор оқырманды қалай қызықтырды?
Өз идеясын автор қалай дамытады?
Маңызды ақпаратты автор қалай берген?
Дескрипторлар:
- шығармаларда көтерілген басты мәселені талдайды, пікір білдіреді;- сұрақтарға дәлелді жауап береді;- шығарманың тақырыбына қатысты өзіндік көзқарасын білдіреді;- автор стиліне баға береді. Бағалау. Өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады. Оқушылар дескрипторларға сүйене отырып, өздерін бағалайды.Рефлексия.
«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы1-қадам: Бірінші оқушыдан «Бүгін сабақ қалай өтті?» деп сұраңыз.
2-қадам: Бірінші оқушының айтқан сипаттамасын екінші оқушы жалғастыруы тиіс. Бір ескерерлігі: әр оқушының сөзі оның алдында айтылған сөздің ең соңғы әрпінен басталуы тиіс.
Мысалы, керемет – тамаша - алғысым мол...
Осылайша барлық оқушылар соңғы сөзді айтуға тырысады.
Үй тапсырмасы. «Жалғыз» поэмасынан
үзінді жаттау.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру