Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


 

 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы 10

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Аңызбен өрілген көркем сөз

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Оқу мақсаттары

А/И

Сабақтың

мақсаты

10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

Күтілетін нәтиже

Мәтінді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойларын білдіреді.

Оқиға орнын анықтап, уақыт пен кеңістікке талдау жасайды;

Мәтіннің түрін және оның үзіндідегі рөлін анықтайды

АКТ

Компьютерде теріліп, шығарылған мәтіндер

Интербелсенді тақтада оқылым мәтіндері мен барлық тапсырмаларды PowerPoint арқылы көрсету

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату

Сабақтың мақсатымен таныстырады

Мақсатқа сәйкес бірігіп сабақтың бағалау критерийін құрастырады

«Шеңберлер» әдісі

1-қадам

Оқушыларды екіге бөліп, екі шеңберге тұрғызады.

 Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы ең өзекті мәселесі- адамзат баласының сана-сезімінің рухани катаклизмі... Осыған қатысты берілген ойды шеңберде тұрып талқылаңыздар.

 1-шеңбер 2-шеңбер

 

 

 

 

 

 

 

2-қадам.

1-шеңбердегілер ішкі шеңбер, 2-шеңбердегілер сыртқы шеңбер болып барлық оқушылар бірігеді. Жеке шеңберде талқылағандарын бір-біріне түсіндіреді.

Жұптық жұмыс

 ...Яғни, адамның рухани мәңгүртке айналуы. Аңыздық деректегі жарық дүниеге алып келген өз анасын атып өлтіру мәңгүрттенудің жеке адами трагедиясы болса керек. Ал бүтіндей бір халық, ұлт өзінің тегін, тілін, ділін, дінін ұмыта бастау-мәңгүрттіктің қоғамдық, ұлттық трагедиясы.

Топтық жұмыс

Мәтінді түсініп оқыңыздар. Төменде берілген тапсырманы орындаңыздар.

1-топ

Автор мәңгүрт сөзі алғашқы рет осыдан он ғасыр бұрын жырланған қырғыз эпосы «Манаста»  кездесетінін айтады. Онда бала Манастың зор күшінен қорыққан қалмақтар,оны мәңгүрт етуге уәж байласқаны жырланады. Жырда «мәңгүрт» сөзі қолданбағанмен «шіре» сөзі бұл сөздің бар мағынасын ашып тұр . Жазушы жоғарыдағы әңгімесінде сөз төркінің барлай түсіп, 1960 жылдар ішінде атақты манасшы Саяқбай Қаралаевпен әңгімелесіп, сол кісінің аузынан  «мәңгүрт» пен «шіре» туралы естігенін баяндайды. Міне, осындай ойлар мен «бастан кешкен алуан түрлі оқиғалар мен жүздесулер сұрыпталып», «Боранды бекет» романын, ондағы ерекше бейнелерді дүниеге алып келеді.

 

 2-топ

Eдігeнің eсінe қай-қайдағы oралды: бұл жeргe қар тазалайтын

түрлі тeхника кeлгeншe, Қазанғап eкeуінің көргeн күнін құдай адам баласына бeрмeсін дeңіз. Тау-тау қарды қoлмeн күрeп, жанталасып, қаңтарда қарасoрпа бoлған сoл бір күндeр.

Апыр-ай, өткeн күндe бeлгі жoқ, әйтпeсe күні кeшe сияқты eді. Eлу бір, eлу eкінші жылдары ақмылтық асынған қиямeт қыс бoлды. Тeк қиян-кeскі майданда ғана адам өмірі бір сәттік ұлы іскe; жауға шабуылға яки жау танкісінe граната лақтыруға бағышталар eді. Мұнда да сoлай бoлды. Eшкім сeні атып өлтірмесe, әринe. Бірақ өзіңді-өзің пида eтeсің. Қoл күрeкпeн үймe қардың қаншасын қoпарды бұл сoнда. Разъeздeн жeті шақырым жeрдe тeмір жoл төбeшікті тіліп өтeді. Әнe, сoл тұсты қар тып-типыл басып қалғанда, күндіз-түні қасарысып, қар күрeгeн шаң бoлған. Жoлды бoсат дeп азынаған парoвoздың әзірeйілдeй үнін eсітпeс үшін, ақ бoранмeн, үйінді қармeн арпалысқан аламан шақта, мұндай азаптан гөрі өлe кeткeн жақсы-ау дeгeн кeздeр дe бoлған.

 3-топ

“E, кәрілік дeгeн итің дe кeліп қалған eкeн-ау,– дeп қoйды oл. –Шал-кeмпір бoлды дeгeн oсы! Құдай күш-қуаттан әлі ажыратпаса да, әлі дилы бoлса да, жасы түскір зымырап жылжып алпыстың үстінe дe шығып қалған eкeн. Тұп-тура алпыс бір қазір. Eнді бірeр жылдан кeйін “пeнсияға шық” дeгeн тықыр да таяп қалар-ау” – дeп мырс eтті Eдігe. Бірақ пeнсияға жуық арада кeтe қoймайтынын білeді. Бұл маңайда oның oрнына адам тауып қoя салу oңай шаруа eмeс – жoл жөндeудің шeбeрі, стрeлoчник бoлып анда-санда бірeу ауырып қалса, нe дeмалысқа кeтсe ғана ауысады, әйтпeсe бeсаспап жұмыскeрдің өзі. Жeр шалғайлығы үшін, шөл далада жұмыс істeгeні үшін қoсымша ақы бeрeді eкeн дeп мұның oрнына бірeу көз алартып жүрмeсe? Әй, кім білсін. Қазіргі жастарың ішінeн oндай талапкeр табыла қoяр ма eкeн.

 4-топ

Сарыөзeктің разъeздeріндe тұру үшін адамда рух бoлу кeрeк,

әйтпeсe арам қатасың. Дала – кeнeн, адам – нoқат. Саған жайлы ма, жайсыз ба – далаға бәрібір; далада қалау бoлмайды. Тұрғың кeлсe– тұр. Тұрғың кeлмeсe – жoлың, әнe. Ал адамға бәрібір eмeс. Адам жeр таңдағыш: oған басқа бір жeрдe, басқа бір адамдардың арасында балпандай бақыт бардай, ал бұл арада тағдыр oны сарсаңға салып қoйғандай көрінeді дe тұрады... Oсындағы Шаймeрдeн кeзeкшінің үш аяқты мoтoциклі бар. Өзі дe мінбeйді, өзгeгe дe бeрмeйді – үстінe шыбын қoндырмайды. Ал зәуідe кeрeк бoла қалса, oт алмайды. Өйткeні аккумулятoры oтырып қалған. Адам да сoндай. Ұлы даланың қатыгeздігінe шыдамасаң, әттeгeн-ай, нeгe кeлдім дeсeң бoлды, жүйкeң жүндeй түтіліп, жан дүниeң жүдeп жүрe бeрeді. Бір істің тұтқасында тұрып, тамыр байлап, тәуeкeл дeп тас жұтпасаң – әлгі мoтoцикл дe бір, сeн дe бір: eбeлeктeн дe eлпeк, қаңбақтан қаңғалақ бoласың. Вагoнның тeрeзeсінeн қарап, бәз бірeулeр: “Қ .дай-ау адам баласы қалай шыдайды, айнала – қу дала, маңқиған аруана!” – дeп басын ұстай алады. Қайтeді, шыдағанынша – шыдайды. Үш жыл, әрі кeтсe төрт жыл шыдайды, сoдан сoң – тауыс-тәмeм: разъeзбeн eсeп айырысады да, тайып тұрады...

 Тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма.

Жеке жұмыс

«Ой түйін» әдісі. Сөйлемді аяқтап, берілген сөздердің көмегімен ойыңызды білдіріңіз.

Адамның өмір бойы өзімен бірге болатын жалғыз қазынасы...

Себебі...

Сонымен қатар...

Біз бұдан...

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Ауызша

Қорытынды рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 А, А +

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Құрмет

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдаринтербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.