Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

_________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Парасат пайымы

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3.1 - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

 Сабақ мақсаттары

Шығарманың идеясын адамшылық тұрғыда талдап, әдеби эссе жазу;

 Бағалау

 критерийлері

Шығарманың идеясын адамшылық тұрғыда талдап, әдеби эссе жаза алады;

 Құндылықтарды

 дарыту

Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету.

 Пәнаралық

 байланыстар

Тарих пәні

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сыныпта сабаққа ыңғайлы жағдай жасау;

Түгендеу;

Қазақтың мықтыларының есімі арқылы сабақ тақырыбы болжанады.

  • Қанат Ислам
  • Ибрагим Ескендір
  • Майра Мұхаммедқызы
  • Төлеген Айбергенов
  • Қабдеш Жұмаділов
  • Әділ Сламхан
  • Ерболат, Есболат Беделхандар

Бұл тұлғалар арасында қандай байланыс, қандай ұқсастық бар?

Болжатудан кейін сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады

12 минут

20 минут

1-тапсырма. Оразақын Асқармен әңгімені тыңдап, көріп, ақынның тұлғалық бейнесін ашыңыз. Оның мінездемесін жасап, қандай адам екеніне дәлелдерді қолдана отырып баға беріңіз

Дескриптор:

  • Тыңдалымды мұқият тыңдайды;
  • Негізгі ақпараттарды қолдана отырып автор бейнесін ашады.

Оқушылар бір-бірін ауызша бағалайды

2-тапсырма. Ақынның «Шетте жүрген бауырластарға» атты өлеңін оқып, «Атажұртқа орал, қандасым» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Жазылым барысында стилдік, тілдік ерекшеліктерді сақтаңыз, өз ойыңыз креативті жеткізіңіз.

Дескриптор:

  • Ақынның өлеңін түсініп оқиды;
  • Тілдік, стилдік ерекшелігін сақтай отырып әдеби эссе жазады;
  • Тақырыптан ауытқымайды.

Мұғалім эссенің құрылымы мен сауаттылығына кері байланыс беріп, оқушылар ондағы ойды бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=_QS-kjfhhys&t=182s

Сабақтың соңы

3 минут

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу