Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
https://www.youtube.com/watch?v=uqnE_-bU408
1-тапсырма. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін оқып, автор бейнесін ашып көріңіз. Авторға қандай мінездер, қандай құндылықтар тән? Автор өмірде не нәрсені алғашқы орынға қояды?
Дескриптор:Шығарманы оқып, түсінеді, автор бейнесін аша алады;Автор бейнесіне өлеңнен дәлел келтіре алады.2-тапсырма. Өзіңізге тиесілі өлең үзіндісімен жұмыс жасаңыз. Әдеби-көркемдегіш құралдарды тауып, оның қай түріне жататынын анықтаңыз.
Дескриптор:
Топта бірлікте жұмыс жасайды;
Әдеби-көркемдегіш құралдарды таба алады;
Қай түріне жатқанын анықтайды.
3-тапсырма.
«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлініп жасайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.
Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау.
Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.
Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.
Сілтемелер табушы – оның міндеті әңгіменің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.
Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу.
Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дескриптор:
Өз рөліне сай жұмыс жасайды;
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру