Өлең - сөздің патшасы / Абай шығармашылығы. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


Сабырсыз, арсыз, еріншек

Абай Құнанбаев

Сабырсыз, арсыз, еріншек,Көрсеқызар жалмауыз,Сорлы қазақ сол үшінАлты бақан, алауыз.Өзін - өзі күндейді,Жақынын жалған міндейді,Ол – арсыздық белгісі.Ұятсынбай, ойланбай,Қой дегенге тіл алмай,Іс қылмай ма ол кісі?Бір - ақ секіріп шығам деп,Бір - ақ қарғып түсем деп,Мертігеді, жатады.Ұрлықпен мал табам деп,Егессе ауыл шабам деп,Сүйтіп құдай атады.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Абай Құнанбаев

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.Жақсы менен жаманды айырмадың,Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен баска сөзді,Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малынды,Күндіз күлкің бұзылды, түнде — ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,Бір күн тыртың етеді, бір күн — бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздерінді түзелер дей алмаймын,Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,Оның да алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған,Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу