«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | |||
Күні: | Сынып 10 сынып | ||
Бөлім: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» | |||
Сабақтың тақырыбы | «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» | ||
Оқу мақсаттары | Б/С2. Шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу | ||
Сабақтың мақсаты | Шығарманың негізгі идеясын жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырып, әдеби эссе жазады. | ||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды; Шығарма идеясын талдайды; Әдеби эссе жазады. | ||
Тілдік мақсаттар | Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту | ||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||
Алдыңғы білім | Абай өлеңдері, шығармашылығы туралы алған білімдерін толықтырады. | ||
Сабақ барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі 2 минут | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) | Ресурстар | |
Білімнің өзектілігі 5 минут | ІІ.Қызығушылықты ояту https://www.youtube.com/watch?v=JpfetY8aH14 Абайдың сегізінші қара сөзі Оқушылар пікірі сұралады. |
| |
Мақсат қою 3 минут | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады. | ||
Жаңа материалды игеру 25 минут | ІІІ. Мағынаны тану Жүрегімнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! (Абай)Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды. Егер Абай қазіргі уақытта өмір сүрсе « Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» деп айтуы мүмкін ба? Берілетін тапсырма: Шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз. Бағалау дескрипторы: Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықты талдайды; Шығарма идеясын анықтайды; Абай заманымен қазіргі қоғамды салыстырып, баға береді. Әдеби нормаға сай эссе жазады. |
| |
Жаңа материалды бекіту 3 минут | Ой толғаныс Синквейн «Бес жолды өлең»
| ||
Рефлексия 2 минут | Шығарманың тәрбиелік мәні қандай? | ||
Үй тапсырмасы | Өлеңнен үзінді жаттау | ||
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
| |||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.