Болыс болдым, мінеки. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Тарау: | Болыс болдым, мінеки | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Шығарманың оқиғалық желісін талдата отырып, идеясын түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылысын талдайды. Шығарманың идеясын түсіндіреді. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | |||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен танысты. | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | ||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 мин | Қызығушылықты ояту «Бес қадам» Оқушылар Абай өлеңдері бойынша алдыңғы сабақтарда алған білімдерін еске түсіреді. Ортаға өз ниетімен 5 оқушы шығады. Әр сұраққа табандарды бас отырып, 5 түрлі жауап айтады.
Оқушылар суретті сандар арқылы 4 топқа бөлінеді. |
Табан суреттері Суретті сандар | ||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 34 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин Тапсырма 1. Шығарма туралы ақпараттық мәтінді оқып, детальді ақпараттар негізінде ментальді карта әзірлеңіз. 5 минут. «Болыс болдым, мінеки...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Көлемі 148 жол. Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-психологиялық кескінін жасайды. Өлеңнің мағыналық құрылымында бірнеше тұлға бар: а) болыс; ә) ояз; б) ел. Бұл үш тұлғаның бастысы - болыс. Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі көрсетіледі. Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу. Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; езінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сыяз бар деген хабарды құлағы шалса-ақ, жүрегі суылдап, мазасы қашады. Өйткені сыяз болса, елге ояз келеді. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайындау, үй тігу, сый-сияпат жасау, бағып-күту - бәрі де болыстың не өзі жасайтын, не елге жасататын ісі; егер оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған болыс елін мақтарға сөз таппай, ықылас танытпай, өлдің ел болып отырғаны өзінің, қала берді - ояздың арқасы екендігі туралы ойды шиырлай беретін болса, елімен, жұртымен бетпе-бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді кісімсіп, ел мүддесін қорғай жүрген адамға ұқсап маңызданып, сыртқы жүнін қампитып шыға келеді. Алайда сыяз үстінде болыс та, ояз да ел ішіндегі дау-шардың бірқатарын халықтың, халық билерінің қатал талабы бойынша әділ шешуге мәжбүр болады. ;оның нәтижесінде болыстың өз малым, оз мүлкім деп иеленіп қалған мал-мүлік иелеріне қайтарылып беріледі. Сөйтіп, болыстың арты шөмейіп, шыға келеді. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігіңде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі хәлі бейнеленеді. Әуелден артының қуыстығын білген болыс сыяз бітсе де, елінің ұрысы мен қарысын тиып, телі мен тентегін жөнге саларлық ірі іске бара алмайды. Ел алдында ояз барда жасаған қылығын ояз кеткеннен соң жасай алмай, кәкір-шүкір, көр-жерді пайда керіп қала береді, келесі сайлауда бүл күніне де зар болып қалардай қиналады. Сөйтіп ақын ел басқарған кісінің ісі мен ойының барша маңызы мен мәнін толық ашып береді. Іс, оқиға желісі мен ой жүйесін болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі ақын шығармасының көркемдік-эстетикалық бітімін әрлеп, көркейте түскен. Өлең 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең араб, әзірбайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Тапсырма 2. Өлең үзінділерін топта оқып, мазмұны бойынша постер әзірлеңіздер. 6 минут Постер бойынша өзге топтарға мазмұнын түсіндіріңіздер.5 минут 1-топ Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сөйтсе - дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап. Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап. Жай жүргенде бір күні, Атшабар келді лепілдеп: «Ояз шықты, сыяз бар», «Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп. Сасып қалдым, күн тығыз, Жүрек кетті дүпілдеп. Тыңтұяқ күнім сүйтсе де, Қарбаңдадым өкімдеп. Старшын, биді жиғыздым: «Береке қыл» деп, «бекін» деп, «Ат жарамды, үй жақсы Болсын, бәрің күтін» деп. Қайраттанып халқыма Сөз айтып жүрмін күпілдеп: «Құдай қосса, жұртымның Ақтармын осы жол сүтін» деп, Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп... 2-топ Оңашада оязға Мақтамаймын елімді, Өз еліме айтамын: «Бергенім жоқ,- деп,- белімді». Мақтанамын кісімсіп, Оязға сөзім сенімді. «Көрсеттім» деймін, ымдаймын Кәдік қылар жерімді. Сөз көбейді, ұлғайды, Мақтанның к... көрінді. Қазақты жеген қайратты «ер», Ұрынды да берінді. Әрлі - берлі тартысып, Ісі арамы жеңілді. Алқыны күшті асаулар Ноқтаға басы керілді. Үлкен - кіші ақының Бәрі сөз боп терілді. Қайрауы жеткен қатты би Қайрылып нетсін көңілді. Өз малым деп қойған мал Иесіне берілді. Ақылы жандар қамалап, Кептірді сонда ерінді. Арызшылар көбейді, Болыстың к... шөмейді, Қайтсін байғұс демейді. Бір кептірмей терімді, Күн батқанша шабамын Әрлі - берлі далпылдап. Етек кеткен жайылып Ат к... не жалпылдап. Оязға жетсін деген боп, Боқтап жүрмін барқылдап. Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап. Пысықтың көбі бұғып жүр, Беттесе алмай шаңқылдап. Ашылып омырау, күн ыстық, Қойын кетті алқылдап. Елі жөнді болыстар Мақтанып жүр тарқылдап. Күлкісі жақсы қарқылдап, Үні бөлек сартылдап. Сөйлесе кетсе бір жерде, Ағыны қатты аңқылдап. Оязға кірсе, өзгеден Мерейі үстем жарқылдап. Елің бұзық болған соң, Ояз жатыр шартылдап. Табаныңнан тозасың, Құр жүгіріп тарпылдап. 3-топ Антұрғанмын өзім де, Бір мінезбен өтпеймін. Момындық күшті екенін Көрсем - дағы, күтпеймін. Сыяздан соң елімді Қысып алып кетпеймін. Әуелде к... бос кәпір, Мықтыға не қып беттеймін? Жуанды қойып, жуасты Біраз ғана шеттеймін. Ояз бардағы қылықты Ояз жоқта етпеймін. Кәкір - шүкір, көр - жерді Пайда көріп ептеймін. Мынау арам, тентек деп, Еш кісіні теппеймін. Өзімдік бол деп ел жиып, Құрастырып, септеймін. Бұзақының бүлігін «Жақсы ақыл» деп, «құп» деймін. Сүйегім жасық, буын бос, Біраз ғана айлам бар. Айлам құрсын, білемін – Болыстықтың жолы тар. Қайтіп көмек болады Антұрған өңкей ұры - қар? Көргенім әлгі, ойлашы, Ұят, намыс, қалды ма ар? Ендігі сайлау болғанда, Түсе ме деп тағы шар, Бұл күніме бір күні Боламын ғой деймін зар. Ақыл айтар туғандар, Бұл сөзімді ойлаңдар. Кәтелешке көбейді, Сөгіс естіп, тозды ажар. Мынау елді ұстарлық Кісі емеспін, кел, құтқар! Қолдан келмес қорлыққа Неге болдым мұнша іңкәр? Ел жайылды, жетпей ме, Оязға да бір хабар? 4-топ Тағы бүйтіп кеттің деп Қозғау салар, қолға алар. Қатты қысым қылған соң, Басым сотқа айналар. Кірлі болып түскен соң, Көрген күнім не болар? Өзіне мәлім, тентектер Өз бетімен не табар? Қағаз берер, қарманар, Аяғында сандалар. Бұрынғыдай дәурен жоқ, Ұлық жолы тарайды. Өтірік берген қағаздың Алды - артына қарайды. Өз қағазы өз көзін Жоғалтуға жарайды. Тауып алып жалғанын, Қылмысыңды санайды. Өзі залым закүншік Танып алды талайды, Көрмей тұрып құсамын Темір көзді сарайды. Тапсырма 3. 6 минут. Топта шығарманы сюжеттік- композициялық құрылысына талдаңыздар. Дескриптор: -шығармадағы оқиғаларды композициялық құрылымға жіктейді; -сағат тілімен жұмыстарын алмастырады; -өз талдауларымен салыстырады; -айырмашылықтарды сынып болып талдайды, түзетеді.
Топтар жұмыстарын «Карусель» әдісімен алмастыра отырып, өзге топтардың жұмысымен танысады, өз талдауларымен салыстырады. 3 минут Тапсырма 4. Шығарманың идеясын ПОПС формуласы бойынша түсіндіріңіз. Ж. 4 минут Дескриптор: -топта шығарманың идеясын талқылау арқылы анықтайды; -анықталған идеяны 1 сөйлеммен түсіндіреді; -идеяға шығармадан 3 дәлел келтіреді; -келтірілген дәлелдер негізінде шығарма идеясымен байланысты 1 сөйлеммен қорытынды жасайды. «ПОПС» формуласы Менің ойымша,_________________________________________ Оны былай түсіндіремін:_________________________________ Оны мына мысалдармен дәлелдеймін. 1._______________________________________________________ 2._______________________________________________________ 3.________________________________________________________ Ойымды__________________________деп қорытындылаймын. Кері байланыс. 2 минут Шығарманың мазмұны мен идеясын түсіну қиын болды ма? Қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?Неге? Қай оқушының жазбасы ұнады? Неге? Өз жұмысыңызда нені толықтыру керектігін байқадыңыз. Бағалау. оқушылар топтағы жұмысы бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады. 3 минут
| Таратпа материал А3 парақтар, маркер Таратпа материал Қалыптастырушы бағалау парағы №1 Қалыптастырушы бағалау парағы №2 Бағалау парақтары | ||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия «4 қалпақ» Ақ қалпақ- сабақ бойы біз................... тапсырмалар орындадық Жасыл қалпақ- сабақта алған ақпараттар бізге ................... пайдалы болады. Қара қалпақ - сабақта бізге ...... қиын болды, себебі ....... Сары қалпақ- сабақта бізге .... пікірлері ұнады, себебі.....
| Түрлі түсті қалпақтар | ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.