Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Сабақ: 1 | Мектеп: Қарағанды қ.ХББ НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есенжолова А.О. | |
Сынып: 10 L1 | Қатысқан оқушылар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | БӨЛІМ: Өлең - сөздің патшасы Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге» | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау | |
Сабақ мақсаты | әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді; шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды. | |
Құндылықтарды игерту | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы,жауапкершілік, академиялық әділдік | |
Пәнаралық байланыс | тарих, қазақ тілі | |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint, презентация | |
Бағалау критерийлері: |
| |
Дескрипторлар: |
| |
Тілдік мақсаттар: | Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз. көңілдің жайлауы, өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ. Пән лексикасы және терминология: лай су, қасқырша, тәңірі, шүбәлі ой, тар соқпақ, тиянақ, көзіңе бақ. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Пән лексикасы және терминология: Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі.... | |
Осыған дейін меңгерілген білім | Саяхат туралы білетін сөздері мен сөз тіркестері сұралады. | |
Жоспар | ||
Уақытты жоспарлау | Дереккөздер | |
Басы 5 мин | Қызығушылықты ояту «Ара ұясы» техникасы Мұғалім жұптағы оқушыларға Абай Құнанбайұлы жайлы не білетіндігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп өзге жұпқа сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Соңынан бәрі білгендерін ортаға салады. Топқа бөлу Оқушылар қима суреттерден мозаика құрастыру арқылы 5 топқа бөлінеді. | Қима суреттер |
Ортасы 32 мин | Мағынаны тану 1-тапсырма Ж/ТЖ. Оқушылар «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінің жазылу тарихымен танысады. Оқушылар өлеңді оқиды, «Оқырман пікірі» стратегиясы арқылы топта талдайды. «Оқырман пікірі» стратегиясы арқылы талдау
«Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» деген жолдар арқылы автор оқырманға нені жеткізгісі келді?
2-тапсырма ЖЖ. «Теннистік сұрақтар» әдісі Оқушылар қарама-қарсы қарап, екі қатарға отырады. Бірінші «Өлеңдегі басты тұлға кім?», «Автор өз ойын нақты жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданған?», «Автор нені толғана жырлады?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе, қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді. Қалыптастырушы бағалау. 3-тапсырма ЖЖ. «Пирамидалық талқылау» әдісі
Адамсыз таным жоқ, танымсыз өмір жоқ. Адам Хақты танымас бұрын ең алдымен өзін-өзін тануы шарт. Осы таным жолында адам баласы өмір атты сынақтан өтеді. Таным жолында адам сынақтан мүдірмей өтуі оның таңдауына байланысты. Тура жол адамның тек рухани дүниесімен танылады. Ал рухани дүниенің қоры жасалуына не қажет? Жоғарыдағы пікірге жауап бере отырып, тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі сағат тілімен айналдырып, өлең туралы өз ойын жазады, ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады. Оқушылар жазған жұмыстарын алмастырып, бірі-бірінің жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды. Кері байланыс Тапсырманы орындауда қиындықтар болды ма? Неліктен? Неге назар аудару керек деп ойлайсыз? | А3 парағы, фломастерлер Таратпа материал №1 Қазақ тілінің сөздігі |
Соңы 3 мин | Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек» Оқушылар сабақта маңызды, пайдалы болған кезең туралы және келесі сабаққа ұсыныс, тілек айтады. Үйге тапсырма Мәтіннің мазмұнын қайталап оқып, жаңа сөздердің көмегімен дәптерген мазмұнын жазып келу. | |
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.