Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: 1 | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.Қ. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/ сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсатына сілтеме | 10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым. https://imektep.kz/kz/game#true_false-1584 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: Сюжеттік-композициялық құрылым; буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас, өлең өлщемі т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 минут
| Қызығушылықты ояту. Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады. «Жылжымалы қалпақ» ойыны ойналады. Шарты: Әйгерім Қалаубаеваның «Көңілді күн» әні қойылады. Оқушылар билейді. Мұғалім әуенді тоқтатқан кезде кімнің басында қалпақ қалып қойса, сол оқушы сұраққа жауап береді. Қойылатын сұрақтар төмендегідей:
Топқа бөлу.
Оқушылар суретті сөздерді оқып, Абай шығармашылығымен, сабақ мазмұнымен байланыстырады. Сабақ мазмұнына болжам жасайды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады. | № 2 таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 38 мин | Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. «Миға шабуыл» әдісі. Оқушылар «Абай» есіміне қатысты білетіндерін тізіп жазып, ой шақыру жасайды. Ойларын үздіксіз екі минут жазады. Оқушылар талқылау қорытындысын қысқаша таныстырады. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын естеріне түсіреді. Ұсынылған сілтеме бойынша Абай Құнанбаевтың өміріне байланысты дұрыс/бұрыс тапсырмасын орындайды https://imektep.kz/kz/game#true_false-1584 Проблеманы айқындау кезеңі: Сұрақ:
https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0 Алтынай Жорабаеваның орындауында «Сегіз аяк» әнін тыңдайды. 3 минут 36 секундқа дейін қойылады. Әдебиет теориясы бойынша берілген өлең өлшемі туралы теориялық мәліметті білдіретін мәнімен сәйкестендіріңіз. (Ескерту: төмендегі кесте қима қағаздар түрінде беріледі. Оқушылар жұпта сәйкестендіріп, бір жұпты екінші жұп дұрыс нұсқасымен тексереді. Топқа беруге де болады) 3 мин.
Тапсырма Оқушылар зерттеуші ретінде жұпта жұмыс жасайды. ЖЖ 1-қадам 7 мин
2-қадам
Дұрыс нұсқасымен тексеріңіздер.
Дескриптор 9 сұрақтың 6-7-не дұрыс жауап береді. Идеясын өзге жұппен бірлесіп талқылап, топтың әзірлеген нұсқасын А3 парағына жазып, тақтаға іледі. 3-қадам 13 минут Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар ұсынылған жазылым жұмысын 7 -8 минут орындап, жұмыстарын сынып бөлмесінің қалаған жеріне іліп, «Галереяда ой шарлау» стр. бойынша аралап жүріп оқиды, өз пайымдауларын жасайды. Өзі қалаған жұмыстарға стикерге пікірін жазып (тілегі мен ұсынысын жазып), апарып жапсырады. Тапсырмалар төмендегідей:
№1-топ Зерттеуші Рәбиға Сыздықова айтқан төмендегі пікірді өз ойларыңызбен сабақтастыра отырып, жалғастырып жазыңыздар: «Бұл өлеңде сөз болатын орта қарама-қарсы екі полюстен тұрады: ..................». [3] Қандай адам образын сомдаған? Қандай адамның сипаты мен мінезін ашқан? Ақынның түйінді ойынан шығатын салдарларға баға беріңіз. 60 сөзден тұратын пайымдау эссесін жазыңыздар. №2- топ Ақын насихат ететін құндылықты қазіргі кездегі маңыздылығына баға беріп, оның өзіңіз, отбасыңыз және қоғам үшін пайдасын пайымдап, «Біріңді қазақ, бірің дос...» деген атпен шағын эссе жазыңыз. №3- топ «...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып, үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын» дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім келеді!- деді» (208-бет) [5] деген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Ұлы Абайдың сөзін өлеңнің идеясымен байланыстырып, «Мен аңсаған заман...» деген тақырыпта ақынның атынан естелік жазыңыз. №4- топ Р.Сыздықованың «Сегіз аяқтағы» әр шумақтың соңғы екі жолының көбі бұл күнде афоризмге айналған түйіндеулер...» [3] деген пікірін өз ойыңызбен сабақтастырып Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемі жайлы, ақын ойының маңызы жайлы талқылап, «Абай - қазақ поэзиясының реформаторы (жаңалық енгізген ақын)» деген тақырыпта 60 сөзден тұратын пайымдау эссесін жазыңыздар. №5- топ Ақынның күйіну қапалану себептерін ашып, өз көзқарасыңызды білдіріп, бауырмалдық пен жанашырлық сезімінің өлеңдегі көріну сипатына талдау жасап, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген тақырыпта шағын (50-60 сөз) ой-толғау ұсыныңыздар. Дескриптор:
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы
Кері байланыс
| №3 -слайд №4 -слайд https://imektep.kz/kz/game#true_false-1584 №5 -слайд https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0 №6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд 10-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин | «3-2-1» әдісі Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті Қиындық туғызған 2 жағдай Сезіміңді білдіретін 1 сөз Үйге тапсырма «Сегіз аяқ» өлеңіндегі афоризмдерді жаттау және осы өлең туралы жазылған Р.Сыздықованың зерттеуімен оқып танысу. | №14 -слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру