«Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.
САБАҚ: 3 | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдай алады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдай алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушыларға Абай Құнанбаев шығармашылығымен танысып келу | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды. 3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 10мин 10мин | Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе Мағынаны тану
1-тапсырма. Т. «Елес жетелеу» әдісі Мидың суретін алған оқушылар «Ақыл» тобына, «жүректің суретін алғандар «Жүрек» тобына, ал мықты жұдырықты алған оқушылар «Қайрат» тобына жайғасады. https://www.youtube.com/watch?v=lNhMoUtImuQ 1 – қадам: Оқушылар Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі бойынша түсірілген саундтректі көріп, тыңдайды. 2 – қадам: Осы мәтіннің негізгі идеяларын, тірек сөздерін түсіндіру мақсатында топтарға ортақ тапсырма беріледі 3 – қадам: Олар мәтіннің негізгі идеясын түсіндіретін сурет салған соң, бір – бірінің суретінің шешуін табуы тиіс. С. Оқушылар өлеңдегі автор бейнесін анықтау үшін топта «Сегіз аяқ» «өлеңін талқылайды, пікір айтады. Өлеңнің құрылысын сызба арқылы тақтада көрсетеді. Құрылысындағы ерекшеліктерді басқа өлеңдермен салыстырып айтады. 2-тапсырма. Берілген тармақты одан әрі жалғастырып, өлең шығарыңыздар. Бір оқушы бір тармақтан жазып отырып, топ болып 1,2 және соңғы тармақтың ұйқасын сақтау керек. 1-топ: Әдеті надан адамның. 2-топ: Жан аямай кәсіп қыл. 3-топ: Болмасын кекшіл 4-топ: Көп наданнан түңілдім. Дескрипторлар: - Топта бірлікте жұмыс жасай алады; - Ұйқас формуласын сақтайды: - Берілген тармақты одан әрі жалғастырады. | Ikitap.kz/book/abai_shgarmalarnyn_ eki_tomdyk_tolyk_shinagy Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі https://www.youtube.com/watch?v=uXE_Bjuezr0 слайдта | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Бес жолдан тұратын қорытынды Зат есім Сын есім Етістік Теңеу | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.