Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

 Сабақ мақсаттары

Ұлттық құндылықтарды мән мәтінмен байланыстырып талдау

 Бағалау критерийлері

- Ұлттық құндылықты таба алады;

- Құндылықты мәнмәтінмен байланыстыра алады;

- Өмірмен байланыстырып, өзіндік көзқарасын білдіреді.

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және музыка

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайдтрмен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

https://www.youtube.com/watch?v=AiTH7_n8K

Осы сілтеме арқылы « Сегіз аяқ өлеңін» тыңдау арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5мин.

Сыныпты түгендеу. Назарын шоғырландырып тыңдату.

Сабақты болжату мақсатында «Сегіз аяқ» өлеңін тыңдатады.

https://www.youtube.com/watch?v=AiTH7_n8K_

1. “Сегіз аяқ” әні не жайлы жазылған?2. Абайдың айтар ойы қандай?3. Әннің әуені қандай өлшеммен орындалады?4. Әннің басқа әуендерден өзгешелігі неде?

Сабақ тақырыбын болжап алғаннан кейін, оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстырады.

Қосымша дерек(оқушылармен ортақ оқиды):

Бұл ән 1889 жылы - Абай заманында адамдар жайлы жазылған шығарма.Абайдың мұңы мен зары, дәуірі мен халық қайғысын жырлайды. Сондықтан қайғы – қасіретті өз қайғысындай сезеді. Жанындағы адамдардың сауатсыздығы жанына қатты батып, ән арқылы жырлайды .

Бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.

https://www.youtube.com/watch?v=AiTH7_n8K_

Сабақтың ортасы

20 мин.

5мин.бағалауға

1-тапсырма. Өлеңнің әр шумағындағы негізгі ой мен ұлттық құндылықтарды шешендік сөздер мен мақал –мәтелдермен байланыстырып талдау жасаңыз. Өмірмен байланыстырып, ұлттық құндылықтарға өзіндік көзқарасын білдіру.

1-топқа.

Алыстан сермеп,Жүректен тербеп,Шымырлап бойға жайылған.Хиуадан шауып,Қисынын тауып,Тағыны жетіп қайырған.Толғауы тоқсан қызыл тілСөйлеймін десең өзің біл 2-топқа.2. Өткірдің жүзі,Кестенің бізі,Өрнегін сендей сала алмас.Білгенге маржан,Білмеске арзан,Надандар баһра ала алмас.Қиналма бекер тіл мен жақКөңілсіз құлақ ойға олақ 3-топқа.3. Басында ми жоқ,Өзінде ой жоқ,Күлкісіз керден наданның.Көп айтса көнді,Жұрт айтса болды,Әдеті надан адамның.Бойда қайрат, ойда көзБолмаған соң, айтпа сөз 4-топқа.

4. Атадан алтау,Анадан төртеу,Жалғыздық көрер жерім жоқ.Ағайын бек көп,Айтамын ептеп,Сөзімді ұғар елім жоқ.Моласындай бақсының Жалғыз қалдым тап шыным

Дискрипторлар:

  • Өлеңдегі ұлттық құндылықтарды табады;
  • Шешендік сөздер мен мақал –мәтелдермен байланыстырып талдайды;
  • Ұлттық құндылықтарға өзіндік көзқарасын білдіреді.

Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Үйге тапсырма

«Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс алады.

Өлеңге сатылай кешенді талдау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәћра ала алмас.

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды —

Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз.

Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде;

Жігерлен, сілкін,

Қайраттан, беркін

Деп насиқат бергенде,

Ұятсыз, арсыз салтынан

Қалғып кетер артынан.

Аулаққа шықпай,

Сыбырлап бұқпай,

Мейірленбес еш сөзге.

Пайдасыз ақыл —

Байлаусыз тақыл,

Атадан бала ойы өзге.

Санасыз, ойсыз жарым ес,

Өз ойында ар емес.

Тасыса өсек,

Ысқыртса кесек,

Құмардан әбден шыққаны.

Күпілдек мақтан,

Табытын қаққан

Аңдығаны, баққаны.

Ынсап, ұят, терең ой

Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей —

Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол — бай тап,

Адам бол — мал тап,

Қуансаң қуан сол кезде.

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға,

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

Құрысын, көзің ашылмас.

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақтың болды ғой.

Жұмыссыз сандал,

Еріксіз малды ал

Деген кім бар сендерге,

Қулықты көргіш,

Сұмдықты білгіш

Табылар кісі жөндерге.

Үш-төрт жылғы әдетің

Өзіңе болар жендетің.

Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды,

Тарылды көкірек,

Қысылды жүрек,

Ағызды сығып жасымды.

Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,

Тартыпты өнер жоқтыққа.

Қайратым мәлім, —

Келмейді әлім,

Мақсат — алыс, өмір — шақ.

Өткен соң, базар,

Қайтқан соң ажар,

Не болады құр қожақ?!

Кеш деп қайтар жол емес,

Жол азығым мал емес.

Бір кісі мыңға,

Жүз кісі сұмға

Әлі жетер заман жоқ.

Қадірлі басым,

Қайратты жасым

Айғаймен өтті, амал жоқ.

Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір.

Сөзуар білгің

Законшік, көргіш

Атанбақ мақсат,мақтанбақ.

Жасқанып, қорқып,

Жорғалап, жортып

Именсе елің, баптанбақ.

Қарғағанын жер қылмақ.

Алқағанын зор қылмақ.

Хош, қорықты елің,

Қорқытқан сенің

Өнерің қайсы, айтып бер.

Ел аңдып сені,

Сен аңдып оны,

Қылт еткізбей бағып көр.

Ойнасшы қатын болса қар,

Аңдыған ерде қала ма ар?

Көмексіз көзің,

Бір жалғыз өзің

Баға алмай басың сандалар.

Баурыңа тартқан,

Сырыңды айтқан

Сырласың сырт айналар.

Ол қаны бұзық, ұры-қар

Қапысын тауып сені алар.

Басы-көзі қан боп.

Арқа-басы шаң боп,

Және тұрып жылпылдап;

Жығылып тұрып,

Буыны құрып,

Тағы қуып салпылдап.

Абұйыр қайда, ар қайда?

Әз басыңа не пайда?

Ит үрсе, бала

Таяғын ала,

Қуады итпен кектесіп.

Ұрысқансып “ой” деп,

“Ұят” деп, “қой” деп,

Үлкендер тияр “тек” десіп.

Оны білсең, мұның не?

Мен де ұят іс қылдым де.

Білгенге жол бос,

Болсайшы қол бос

Талаптың дәмін татуға.

Білмеген соқыр

Қайғысыз отыр,

Тамағы тойса жатуға.

Не ол емес, бұл емес,

Менің де күнім — күн емес.

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім.

Құлағын салмас,

Тіліңді алмас

Көп наданнан түңілдім.

Екі кеме құйрығын

Ұста, жетсін бұйрығың.

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым,

Онан да шықты жаңғырық.

Есітіп үнін,

Білсем деп жөнін,

Көп іздедім қаңғырып..

Баяғы жартас — бір жартас,

Қаңқ етер, түкті байқамас.

Жаяуы қапты,

Аттысы шапты,

Қайрылып сөзді кім ұқсын.

Іште дерт қалың,

Ауыздан жалын

Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.

Күйдірген соң шыдатпай,

Қоя ма екен жылатпай?

Мамықтан төсек,

Тастай боп кесек,

Жанбасқа батар, ұйқы жоқ.

Сыбыр боп сөзі,

Мәз болып өзі,

Ойланар елдің, сиқы жоқ.

Баяғы қулық, бір алдау,

Қысылған жерде жанжал-дау.

Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым — тап шыным!

Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7–8 буынды тармақтардың жүйелі түрге үйлесіп араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ 3 буынды және 2 буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсінделген бұл өлең түрі — қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. "Сегізаяқ" өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б. ақындар өз өлеңдерінде қолданған.[1]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу