Абай өмірі мен шығармашылығы. Лай суға май бітпес қой өткенге. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
А. Құнанбаев. Лай суға май бітпес қой өткенге
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге
Сол қасқырша алақтап, түк таппадым
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе!
Берген бе тәңірім саған өзге туыс!
Қыласың жер жиһанды бір-ақ уыс.
Шарықтап шартараптан көңіл сорлы,
Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс?
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңрі,
Өзіңе құмар қылған оның әмірі.
Халлақам мақұлық мақұлық ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһрі.
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлар зор қылады.
Көңілге шек шүбәлі сөз алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлтуге тоя алмаймын.
Мекен берген, халық қылған ол лә мекен
Түп иесін көксемей қоя ма екен!
Және оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат көңілге тола ма екен!
Өмір жолы - тар соқпақ бір иген жақ,
Иілтіп, екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетсе, тура шық, көзіңе бақ.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру