Абай шығармашылығы. «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Абай шығармашылығы.

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі.

Оқу мақсаттары:

10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

Сабақ мақсаты:

- Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, оқушылардың танымдық біліктіліктерін арттыру;

Оқушыны өз бетінше ізденуге, ойлануға, өз ойын еркін айта білуге үйрету.

Бағалау критерийлері:

Қажетті ақпаратты іріктейді;

Мәліметтерді жинақтап жазады;

Өлеңнің негізгі идеясын, мақсатын анықтайды, құрылысына талдау жасайды;

Үзінділерді қисынды қолданады;

Қара сөзге айналдырады;

Өзіндік ойын қосады.

1-тапсырма

Бейнематериалды 00.22-02.28 аралығында, 2.56-4.22 аралығында және 06.07-09.40 аралығында тамашалап, «Категориялы топтастыру» стратегиясы бойынша Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы  туралы жинақтап жазады.

https://www.youtube.com/watch?v=pzzYjmrbEkE

Дескрипторлар:

Қажетті ақпаратты іріктейді;

Мәліметтерді жинақтап жазады.

2-тапсырма

Әр топқа «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі беріледі. Оқушылар өлеңнің негізгі идеясын, мақсатын анықтап, құрылысын талдайды, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды.

 

Дескрипторлар:

Өлеңнің негізгі идеясын анықтайды;

Мақсатын анықтайды;

Құрылысына талдау жасайды;

Сөздердің мағынасын ашады.

3-тапсырма

Өлеңнен алынған үзінділерді қара сөзге айналдырып, өз ойларын қосып, өңдеп жазады.

Дескрипторлар:

Үзінділерді қисынды қолданады;

Қара сөзге айналдырады;

Өзіндік ойын қосады.

Кері байланыс «3-2-1» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтағы

3-маңызды ақпаратты айтады,

2-ұсыныс білдіреді,

1-сұрақ қояды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу