Абай шығармашылығы. «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Абай шығармашылығы. «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | А/И 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | - Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру;
еркін айта білуге үйрету; | |||||||||
Бағалау критерийлері | Қажетті ақпаратты іріктейді. Мәліметтерді жинақтап жазады. Өлеңнің негізгі идеясын, мақсатын анықтайды, құрылысына талдау жасайды. Үзінділерді қисынды қолданады. Қара сөзге айналдырады. Өзіндік ойын қосады. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут 10 минут | Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне қол беру арқылы жақсы тілек айтады. Топқа бөліну: Саналу арқылы сынып 4 топқа бөлінеді. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. 1-тапсырма. Бейнематериалды 00.22-02.28 аралығында, 2.56-4.22 аралығында және 06.07-09.40 аралығында тамашалап, «Категориялы топтастыру» стратегиясы бойынша Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жинақтап жазады. Дескрипторлар:
| |||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут | 2-тапсырма. Әр топқа «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі беріледі. Оқушылар өлеңнің негізгі идеясын, мақсатын анықтап, құрылысын талдайды, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды. Дескрипторлар:
3-тапсырма. Өлеңнен алынған үзінділерді қара сөзге айналдырып, өз ойларын қосып, өңдеп жазады. Дескрипторлар:
Бағалау Әр тапсырманы орындағаннан кейін топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды. | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «3-2-1» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтағы 3-маңызды ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру