Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
https://www.youtube.com/watch?v=AiTH7_n8K_
1. “Сегіз аяқ” әні не жайлы жазылған?2. Абайдың айтар ойы қандай?3. Әннің әуені қандай өлшеммен орындалады?4. Әннің басқа әуендерден өзгешелігі неде?
Сабақ тақырыбы:Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі
Оқу мақсаты:10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіруЖетістік критерийлері:- Ұлттық құндылықты таба алады;- Құндылықты мәнмәтінмен байланыстыра алады;- Өмірмен байланыстырып, өзіндік көзқарасын білдіреді
Қосымша дерек(оқушылармен ортақ оқиды):
Бұл ән 1889 жылы - Абай заманында адамдар жайлы жазылған шығарма.Абайдың мұңы мен зары, дәуірі мен халық қайғысын жырлайды. Сондықтан қайғы – қасіретті өз қайғысындай сезеді. Жанындағы адамдардың сауатсыздығы жанына қатты батып, ән арқылы жырлайды . Бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған1-тапсырма. Өлеңнің әр шумағындағы негізгі ой мен ұлттық құндылықтарды шешендік сөздер мен мақал –мәтелдермен байланыстырып талдау жасаңыз. Өмірмен байланыстырып, ұлттық құндылықтарға өзіндік көзқарасын білдіру.Дискрипторлар: Өлеңдегі ұлттық құндылықтарды табады;Шешендік сөздер мен мақал –мәтелдермен байланыстырып талдайды;Ұлттық құндылықтарға өзіндік көзқарасын білдіреді
Үйге тапсырма:Өлеңге сатылай кешенді талдау
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру