Абай шығармашылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

Сабақтың мақсаттары

сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы шығарманың идеялық мазмұнын түсіну

Бағалау критерийлері

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Талдау арқылы шығарманың идеялық мазмұнын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. «Абай- дана ақын,өз заманының озық ойлы демократы, тіл ағартушысы, терең ойшыл, қоғам қайраткері, көрнекті ақын, сөз өнеріне өз үлесін қосқан талантты сазгер, артына татымды ән мен ойлы күй қалдырған асқан өнер иесі»

Абай болашақ ұрпаққа осы сөзін арнап, ұлы ақын, үлкен мұра қалдырды.

Абай мұралары адамгершілікке, парасаттылыққа шақырады. Ол өз халқын ғана емес, бәрін де білім –ғылымға үндеген ұлы тұлға.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл кіріспе сабақ, яғни бөлімнің бірінші сабағы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Қызығушылығын ояту

«4 сурет, бір сөз» әдісі арқылы тақырыпқа болжам жасау.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін белгілеу.

Сабақтың ортасы

8 минут

4 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану

Т Оқушылар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы білгендерін барынша талқылайды. Олар ақын туралы және оның шығармалары (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты ой картасын жасайды.

1 топ. Бала Абай – оның отбасы туралы білетіндерін

2 топ. Дара Абай – ұлы ақын шығармашылығы туралы

3 топ. Дана Абай – философиясы туралы

4 топ. Сара Абай – әділ қызметі мен ұлт болашағына жанашырлығы туралы

- білетіндеріне қатысты ой картасын жасайды.

Әр топтан 1 өкіл келесі топтардан қосымша деректер жинайды. Топ постеріне қосады.

Топтар өз ой карталарын қабырғаға жапсырады

Топтар өздерінің, өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

---

Оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі ұсынылады.

Оқушылар топтасып, өлеңге талдау жасау арқылы Абай Құнанбайұлының шығармашылық жолының идеясын анықтайды. (Топтағы әр оқушы бір шумақтан алып, сұрақтарға жауап іздейді)

Ж Тапсырма. Өлеңді оқып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Жауабыңызды шығармадан үзінділермен дәлелдеңіз.

1. Абайдың өлең жазудағы мақсаты туралы ойы қандай?

2. Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде қандай ақындарды сынайды?

3. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі ақынның көздегені не?

4. Ақынның өз өлеңінің табиғаты, өзіндік ерекшелігі туралы ойлары қандай?

5. Өлеңде сөз өнерінің қасиеті, терең таным мен талғам туралы қандай ой айтылады?

Топтар бір-бірінің жұмыстарын сағат тілімен алмастырып, өзара бағалау (дескрипторлар бойынша) жүргізеді. Содан соң мұғаліммен бірлесіп, сыныпта талқылайды.

Дескрипторлар:

- Абайдың өлең жазудағы мақсаты туралы ойын анықтады;

- ақынның көздеген мақсатын анықтайды;

- ақынның өз өлеңінің табиғаты, өзіндік ерекшелігі туралы ойларын анықтайды;

- сөз өнерінің қасиеті, терең таным мен талғам туралы айтылған ақынның ойын анықтайды;

- шығарманың идеялық мазмұны туралы қорытынды пікір айтады.

Сұрақтар

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-men-zhazbajmyn-olengdi-ermek-ushin-zhelsiz-tunde-zharyq-aj-olengderi сайтынан алынып, тапсырмаға бейімделді.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Ақылдың алты қалпағы» әдісімен сабақтаы іс-әрекетке және мақсатқа жету бойынша рефлексия жасау. Бұл тәсіл оқушының өтілген тақырыпты қалпақтардың түстеріне қарап, ауызша түрде кері байланыс жасауға дағдыландырады.

Сурет http://www.myshared.ru/

сайтынан алынды

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.