Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 3-сабақ.


Төлеген Айбергеновтің «Сағынбай барсаң таулар да сенің, алдыңнан шықпас асқақтап» - деген өлең жолдарын шекараның кіре берісіне алтын әріптермен жазып қойса да артық емес. Сағынбай, сүймей тұрып өлең жазбаған ақынның оптимистік жырлары адамды өмірге өзгеше қырынан қарауға үйретеді.

2 Төлеген сияқты қадау ақындардың тегеуріні өзіне ешқандай теңеуді дарытпайды. Ол шын мәнінде ақын еді. Шығармашылық бабына келген 30 жасында мезгілсіз өмірден озған ақынның Қасымнан кейінгі қазақ поэзиясына жаң түр, өзгеше өң бергені жасырын емес.

3 Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық. Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. "Шәмші де, Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін"- деді. Мұхтар Шаханов Төлеген шығармаларынан нәр алып, ағалық ақылын тыңдап, қасында жүріп, көп нәрсені үйренген.

Әр топ өздеріне ұсынылған ақын-жазушылардың шығармашылығымен

Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын салыстыра отырып, талдайды.

(постер арқылы ұсыну)

2-топ: Төлеген және Мұқағали

3-топ: Төлеген және Қасым

1-топ: Төлеген және Мұхтар

2-тапсырма. «Шағын эссе жазу»

«Т. Айбергенов шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтың орны» тақырыбында эссе жазу – 80-100 сөз

Дескриптор:

Шығармалардағы тарихи және көркемдік құндылықты таба алады;

Өз бағасын бере отыра, эссе жаза алады

Қосымша деректер

10 жылдай ғана жыр жазды

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. (Өлеңдерін атап өту)

Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана – деген еді.

Нағыз жыр перзенті

Азғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.

Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай – өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал деген сұрапылдың... деп жырлапты.

Кері байланыс: «3-2-1»

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факт

1 қорытынды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу