Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.
VIII үзінді
Беркініп садақ асынған,Біріндеп жауын қашырған.Құйқылжыған құла жирен ат мінген,Құйрық, жалын шарт түйген,Мен кесекті ердің сойымын,Кескілеспей бір басылман.Алдыңа келіп тұрмын деп,Ар - намысым қашырман.Сүйегім тұтам қалғанша,Тартылмай сөйлер асылмын.Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,Бойың жетпес биікпін,Бұлтқа жетпей шарт сынбан!Айта келген сөзім бар,Не қылсаң да жасырман.Шамдансам жығар асаумын,Шамырқансам сынар болатпын,Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»Аяғыңа бас ұрман.Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,Қыларың болса қылып қал,Күндердің күні болғанда,Бас кесермін, жасырман!
«Данышпан үкілер»
1-оқушы. Өлең үзіндісімен жұмыс.
Үзіндіден өз ойына қарсы тұрған 1пікірді, жаңалық болған 1 ойды тауып жазады.
2-оқушы. Таныс және таныс емес.
Шығарма үзіндісінен өзіне таныс болған және мүлдем таныс емес ойды табады.
3-оқушы. Иллюстарциялық бейнелеу.
Үзіндінің негізгі ойын карикатура арқылы бейнелейді.
4-оқушы. Маңызды өмірлік даналық.
Өлең үзіндісі негізінде маңызды даналық ой білдіреді.
5-оқушы. Үлгі боларлық қорытынды.
Ақын өлеңі арқылы қазіргі өмірге қажетті қандай ой айтуға болады?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру