«Біржан - Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

«Біржан-Сара» айтысы

Оқу мақсаты:

Т/Ж.9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Шығарманың идеясына байланысты кейіпкерлер бейнесін анықтау.

Берілген үзінділерді қолданып, кейіпкерлер бейнесін анықтайды.

Бағалау критерийлері:

1-тапсырма

Топтарға «Біржан-Сара» айтысы туралы мәліметтер беріледі. Әр оқушы жеке танысып, оқылған мәліметтерді ИНСЕРТ кестесіне толтырып жазады.

 

Дескрипторлар:

Мәтін мазмұнын саралай алады;

Қажетті мәліметтерді іріктеп жаза алады;

Өзіндік пікір қоса алады.

 

Кері байланыс: Өзара топтық бағалау. Әр топ бір-бірін топтық жұмыстан кейін ауызша бағалайды. Мәліметтерді «Түртіп алу» әдісі арқылы жазып отырады.

2-тапсырма

І топ

“Попс формуласы” арқылы берілген мәтінге қысқаша баяндау жасау қажет.

 

Біздің ойымызша...

Себебі, біз оны былай түсіндіреміз...

Оны біз мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламыз...

Осыған байланысты біз мынадай шешімге келдік...

 

Есімбек боққа сатпа асылыңды,

Сыйлай көр қыз да болса нәсіліңді.

Ұқпасаң Арғын жоқты айтты дерсің

Есеке, құлағыңа ал осынымды.

Тұрысбек, Есімбекпен сау тұр Маман,

Таянды қайтар уақытым елге таман.

Айналып, ендігі жыл бір келермін,

Тысқары топырақтан болсам аман.

Сараны, Жиенқұлға бере көрме,

Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.

Байлаулы бала құстай Сара сорлы,

Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.

ІІ топ

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы тапсырма орындаңыз.

 

Пікір. Берілген үзінді бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

 

Тақсыр ау, күні құрсын ұрғашының,

Билігі болмайды екен бір басының.

Тері терсек берген соң ит те алады,

Пұлындай берекесіз арбашының...

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,

Он мата арқасына тыққандай ақ.

Көрмейсіз неге менің көз жасымды,

Жеңбек боп Біржан солай сөз қашырды.

Жиылған Қаптағайдың жақсылары,

Басқаға айырып бер өз басымды.

 

ІІІ топ

«Идеяны суретте». Сараның өз бейнесін сипаттауы

 

Найманда екі жүзді наркескенмін,

Желкенді қимақ үшін қойған саптап.

Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес,

Болатпын екі жүзді алмас кеспес.

Қамысты терең көлдің сұқсұрымын,

Қаңғырған ілдірмеймін, қаршығаға.

Міні жоқ, отыз тісім меруерттей,

Ерінбей тіздіргендей адамзатқа.

Мойыным сұңғағындай жүзген қудың

Лебізім шырынындай шәрбат судың.

ІV топ

«Кластер». Біржанның өз бейнесін сипаттауы

 

Қырандай аспандағы желді күнгі

Болжаған жер шаршысын майталманмын

Желқобыз, жез тағалы еңіреумін

Айнымас қанды балақ ақиықпын

Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын

Сайраған  орта жүздің бұлбұлымын

Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.

Жорғамын сарынымен самғайтұғын,

Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын.

Дескрипторлар:

Берілген үзінділерді қолданады;

Кейіпкерлер бейнесін анықтайды;

Жылдам және шешен жауап бере алады.

 

Кері байланыс: Өзара топтық бағалау. Әр топ бір-бірін топтық жұмыстан кейін ауызша бағалайды.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы топ мүшелері келесі топтарға сұрақтар қояды.

1. «Біржанның өзге ауылда жүре тұра, оның беткеұстар ақын-қызының әкесін, күйеуін кемсітуі мақсатты әрекет пе, әлде шалыс басу ма?»

 

2. «Сараның атам заманнан келе жатқан дәстүрдің бірі – атастыруға өз өнерімен қарсылық білдіруі әділетсіздікке қарсы күрес пе, әлде бұзақылық па?»

 

3. «Айтысты тамашалаушы ауыл тұрғындарының айтыскерлердің оларға сілтеген айыптарына наразылық білдірмеуі момындық па, әлде өнер алдында бас июі ме?»

 

4. Біржан Сараның қандай осал тұсынан ұстайды? Қалай ойлайсыңдар, ол Сараның бойындағы кемшілік пе?

 

5. Қазіргі айтыстың тәрбиелік мәні бар ма?

 

6. Айтыстың болашағы туралы болжауың?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу