М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 25-сабақ.
Қызығушылықты ояту
Сұрағы қандай?
- Суретке қарап, сұрақтар құрастырыңыз. Сұрақтарыңыз мәтін идеясын ашуға бағытталсын.
- Құрастырған сұрақтар негізінде «Аққу көлі» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыз.
1-тапсырма.
- Бейнематериалда берілген ақпаратты тыңдаңыз;
- «Сұрақтар жаңбыры» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
2-тапсырма.
«ДЖИГСО» әдісі
1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
Тау басына біткен сұлу көл –
1. Қалай біткен мына көл тау басына?
2. Жетім көл жетімсірейді.
3. Аққулар айдынына оралмады.
Ауру бала немесе шарасыз отбасы –
1. Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.
2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.
3. Ананың шешімі.
4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.
5. Жетім көлден сән кетті
Бақташы қарт. Шарасыз ана –
1. Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.
2. Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.
3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.
4. Қасиет.Қасірет.
Аққулар - Аңыз көп қой олар жайлы.
2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
3-тапсырма.
«Еркін жазу» әдісі
- Берілген теориялық ұғыммен танысыңыз;
- Теориялық ұғымның талқылаған сюжеттік желілермен байланысатын тұстарын табыңыз;
- Жетім көлдің атынан шығармаға 1-жақта монолог түрінде экспозиция жазыңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.