М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ : № 5 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән: қазақ әдебиеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: | Махаббат және абырой | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Көркем шығармалардан алған үзінделерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
Жалпы адамзат құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | География, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Әр түрлі сайттардан тақырыпқа қатысты мәліметтер беріледі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Адамгершілік, мейірімділік | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация | Барлығы: Шығарма үзінділерін оқи алады Көбі:Берілген үзіндіге өз пікірін білдіре алады Кейбірі: Шығармаға байланысты өз нұсқасын ұсына алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романынан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин 8 мин | Қызығушылықты ояту Психологиялық ахуал орнату.
Топқа бөлу Оқушылар санамақ әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді. Үй жұмысын сұрау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 10 минут 10 минут | 1-тапсырма.Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сай нөмірлеңіз.
2-тапсырма. Романды бөлімдерге бөліп, әрқайсысына ат беріп, басты оқиғаны суреттейтін үзіндіні мысалға келтіріңіздер.
Қалыптастырушы бағалау 3 - тапсырма. Топтық жұмыс. 1. Берілген үзіндіні оқып, мазмұнын еске түсіру арқылы талдайды. 2. Сахналанған көрініс ретінде қойылым жасайды. 3. Өз нұсқаларын ұсынады. 1 - мәтін. Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жетi жастарға келген Жұман дейтiн бiр таз һәм ақылсыз баласы бар едi. Сол елде екi-үш Жұман есiмдi жiгiттер болғанғаа, бiрiн — «сары Жұман», бiрiн — «тапал Жұман», Байжанның баласын «таз Жұман» деушi едi. «Ата даңқымен қыз өтедi, мата даңқымен бөз тедi» деп, Байжан өзi тәуiр болған соң,қол жетiп тұрған заманда бiр бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар едi. Бiр күндерде Байжан мәжiлiс арасында: «Жұманға құда болатын лайықты жер бiлгендерiң бар ма?» — деп сұрап отырғанда, бiреу тұрып: — Биылғы Нұрпейiспен билiкке таласатын Сәрсенбайдың бiр жақсы баласы бар, шешесi тәуiр кiсi — Жарас молданың қызы, өзi оқыған бала, қазiрде он-он бiрге келсе керек, —дедi. «Олай болса, бұл ескеретiн жер екен», — деп Байжан iшiнен ойлап қойды. Көп ұзамай Байжан Сәрсенбайға: «Құдай қосса, құда болайық» — деп бiр кiсi жiбердi. Бұл хабарды есiткеннен соң Сәрсенбай үй iшiне ақылдасып көрiп едi, үлкен қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады. Сөйтсе де өткен сайлаудағы Байжанның Нұрпейiске болысып, өзiн құр тастағанын ойлап, Сәрсенбай: «Құдалық себебiмен келесi сайлауда би болмаспын ба екен?» — деген ойға кiрiп, өзiн билiкке таластырған достарына ақылдасты. 2 - мәтін. Ата-анасы зарыққанда көрген баласы екенiн де ойлап,не себептi жаман күйеуге бергенiне қайран қалып жүрдi.Өзi теңдес қыздардың күйеулерiн салыстырып қарағанда, Жұманнан нашары жоқ едi. Басқа шет елдерден: «Күйеуiне разы болмай, екiншi жiгiтпен қашып кетiптi» дегендi естiгенде, iшiнен ойлап: «Олар да мен секiлдi бейшараларғой», — деп аяушы едi. «Олар секiлдi бiр жiгiтпен көңiл қосып қашсам, «пәленшенің қызы қашып кетiптi» деген сөз болып,атамның сүйегiн сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», — деп,қайсысын iстеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы едi. Һәр уақыт осындай уайымда болған соң Жамал жүдеп те кеттi. Ата-анасы: —Қарағым, сен неге жүдеусің? — дегенде: — Жай, басым ауырады, — деп қоюшы едi. Жамал осындай уайымдарда болып жүргенде, бiр күнi Байжаннан Сәрсенбайға: «Биыл баламды ұрын жiберемiн», — деп сәлем келдi. 3 - мәтін. Ендi мынадай «Жұман келедi» деген хабар аныққа шыққан соң, дүниеде бiрiнен-бiрi бөлек тұрудан қапаста жатқанды артығырақ көрiп, не болса да, екеуi қосылуға бiр жол қарамақшы болып, ендi қай күнi бiр жолықса, бұрынғы iштегi жұмбақ болып жатқан сырларын таласып сөйлемекшi болып тұрғанда, Жамалға Ғалидан бiр хат та келiп жеттi.Бұл хатты Ғалидан Жамалға алып келген жiгiт әруақыт бұл екеуiнiң арасында осындай құпия хабарлар һәм хаттар тасып жүретiн Ғалидың бiр анық сенген кiсiсi едi.Бүгiн бұл хатты Жамалға тапсырып:— Жауабын ертеңге шейiн даярлап қоярсың, мен бiр ауылға барып қайтамын, — деп кетiп қалды. Жамал бұл хатты үш - төрт мәрте оқып шығып, бiр қызып, бiр суып, Жұманға барса — ғұмырынша қайғы-қасiретте өтетiнiн ойлап, Ғалимен қашса — не түрлi ұят машақаттар болып, ақыры нешiк болатынына көзi жетпей, аз дағдарып, көзiнен моншақ-моншақ жастарды төгiп алды. Бiраздан соң тағыда қайраттанып: «Тәуекел, Алла басқа салған соң, не де болса көтердiм, Ғалимен ғұмырымша қол ұстасып жүрсем де арманым болмас», — деп ойлады. Егер де Ғалимен қаша қалса,кiм тiлектес, жәрдемдес боларын ойлағанда, өзінің шешесi Шолпаннан басқа ешкiм көзiне көрiнбедi. Шешесiне сиынатын себебi оқушыѕа да мәлiм. Шолпан әуелден Жамалды Жұманға беруге разы болмай, Сәрсенбайға тiлiн алғыза алмай қойған едi. Екiншi, Жамал бойжеткен соң Жұманға көңiлi наразы болып жүргенiн де сезiп, хатта сол мезгiлде Жамалдың жазып жүрген өлеңiн де тауып алып оқиды деп жоғарыда жазып едiк. Үшiншi, Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерiн бiлiп, көрiп жүрсе де, бiлмегенсiп жүрушi едi. Жамалды Ғалиға лайық көрген секiлдi болып, Ғалиды шын ықыласымен баласындай жақсы көрушi едi.
Қалыптастырушы бағалау. | http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/6bb/6bb5ff8b1ff963bbe9c3d4d629e6989f.pdf&ln=kz | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс. «3-2-1» Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. Үйге тапсырма беру."Авторға хат" жазып келу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 - мәтін.
Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жетi жастарға келген Жұман дейтiн бiр таз һәм ақылсыз баласы бар едi. Сол елде екi-үш Жұман есiмдi жiгiттер болғанғаа, бiрiн — «сары Жұман», бiрiн — «тапал Жұман», Байжанның баласын «таз Жұман» деушi едi. «Ата даңқымен қыз өтедi, мата даңқымен бөз тедi» деп, Байжан өзi тәуiр болған соң,қол жетiп тұрған заманда бiр бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар едi. Бiр күндерде Байжан мәжiлiс арасында: «Жұманға құда болатын лайықты жер бiлгендерiң бар ма?» — деп сұрап отырғанда, бiреу тұрып:
— Биылғы Нұрпейiспен билiкке таласатын Сәрсенбайдың бiр жақсы баласы бар, шешесi тәуiр кiсi — Жарас молданың қызы, өзi оқыған бала, қазiрде он-он бiрге келсе керек, —дедi. «Олай болса, бұл ескеретiн жер екен», — деп Байжан iшiнен ойлап қойды. Көп ұзамай Байжан Сәрсенбайға: «Құдай қосса, құда болайық» — деп бiр кiсi жiбердi. Бұл хабарды есiткеннен соң Сәрсенбай үй iшiне ақылдасып көрiп едi, үлкен қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады.
Сөйтсе де өткен сайлаудағы Байжанның Нұрпейiске болысып, өзiн құр тастағанын ойлап, Сәрсенбай: «Құдалық себебiмен келесi сайлауда би болмаспын ба екен?» — деген ойға кiрiп, өзiн билiкке таластырған достарына ақылдасты.
2 - мәтін.
Ата-анасы зарыққанда көрген баласы екенiн де ойлап,не себептi жаман күйеуге бергенiне қайран қалып жүрдi.Өзi теңдес қыздардың күйеулерiн салыстырып қарағанда, Жұманнан нашары жоқ едi. Басқа шет елдерден: «Күйеуiне разы болмай, екiншi жiгiтпен қашып кетiптi» дегендiестiгенде, iшiнен ойлап: «Олар да мен секiлдi бейшараларғой», — деп аяушы едi. «Олар секiлдi бiр жiгiтпен көңiл қосып қашсам, «пәленшенің қызы қашып кетiптi» деген сөз болып,атамның сүйегiн сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», — деп,қайсысын iстеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы едi. Һәр уақыт осындай уайымда болған соң Жамал жүдеп те кеттi. Ата-анасы:
—Қарағым, сен неге жүдеусің? — дегенде:
— Жай, басым ауырады, — деп қоюшы едi. Жамал осындай уайымдарда болып жүргенде, бiр күнi Байжаннан Сәрсенбайға: «Биыл баламды ұрын жiберемiн», — деп сәлем келдi.
3 - мәтін.
Ендi мынадай «Жұман келедi» деген хабар аныққа шыққан соң, дүниеде бiрiнен-бiрi бөлек тұрудан қапаста жатқанды артығырақ көрiп, не болса да, екеуi қосылуға бiр жол қарамақшы болып, ендi қай күнi бiр жолықса, бұрынғы iштегi жұмбақ болып жатқан сырларын таласып сөйлемекшi болып тұрғанда, Жамалға Ғалидан бiр хат та келiп жеттi.Бұл хатты Ғалидан Жамалға алып келген жiгiт әруақыт бұл екеуiнiң арасында осындай құпия хабарлар һәм хаттар тасып жүретiн Ғалидың бiр анық сенген кiсiсi едi.Бүгiн бұл хатты Жамалға тапсырып:— Жауабын ертеңге шейiн даярлап қоярсың, мен бiр ауылға барып қайтамын, — деп кетiп қалды. Жамал бұл хатты үш - төрт мәрте оқып шығып, бiр қызып, бiр суып, Жұманға барса — ғұмырынша қайғы-қасiретте өтетiнiн ойлап, Ғалимен қашса — не түрлi ұят машақаттар болып, ақыры нешiк болатынына көзi жетпей, аз дағдарып, көзiнен моншақ-моншақ жастарды төгiп алды. Бiраздан соң тағыда қайраттанып: «Тәуекел, Алла басқа салған соң, не де болса көтердiм, Ғалимен ғұмырымша қол ұстасып жүрсем де арманым болмас», — деп ойлады. Егер де Ғалимен қаша қалса,кiм тiлектес, жәрдемдес боларын ойлағанда, өзінің шешесi Шолпаннан басқа ешкiм көзiне көрiнбедi. Шешесiне сиынатын себебi оқушыѕа да мәлiм. Шолпан әуелден Жамалды Жұманға беруге разы болмай, Сәрсенбайға тiлiн алғыза алмай қойған едi. Екiншi, Жамал бойжеткен соң Жұманға көңiлi наразы болып жүргенiн де сезiп, хатта сол мезгiлде Жамалдың жазып жүрген өлеңiн де тауып алып оқиды деп жоғарыда жазып едiк. Үшiншi, Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерiн бiлiп, көрiп жүрсе де, бiлмегенсiп жүрушi едi. Жамалды Ғалиға лайық көрген секiлдi болып, Ғалиды шын ықыласымен баласындай жақсы көрушi едi.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.