Ыбырай Алтынсарин. Шағын әңгімелер. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 5-сабақ.


Топ аттары

  • «Алтын шеттеуік»
  • «Асыл шөп»
  • «Бақша ағаштары»
  • « Дүние қалай етсең табылады»
  • « Әке мен бала»

Топтарын табу үшін таратпа

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Шыдамдылық пен сабырлылық адамның таптырмас досы іспетті. Олар бәрін жеңеді.

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Көрсеқызарлық адамды алдап, жолдан тайдырады. Сырты бүтіннің кейде іші түтін болатынын бар.

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Дер кезінде берілген дұрыс бағыт пен тәрбие адами қасиеттерді қалыптастырады. Баланы жастайынан тәрбиелеу керек...

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Еткен адал еңбек пен төккен тер адамды мұратқа жеткізеді. Еңбекті сүй, одан қашпа.

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең көптен құр қаларсың.

Үзіндінің қай әңгіме кейіпкерлеріне қатысы бар екенін анықтап, өз тобыңызды табыңыз.

  • Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең көптен құр қаларсың.

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ.

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

1топ.

1. Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Асан образын талдаңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ.

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

2-топ.

1.Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Үсен образын ашыңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ.

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

3 - топ.

1.Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, «Жаман жолдас» , «Талаптың пайдасы» әңгімелеріндегі кейіпкерлер бейнесін ашыңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ.

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

4-топ.

  • Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұлдың бейнесін ашыңыз.

2. Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

1 тапсырма Әдебиет үйірмесі. ТЖ.

Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алыңыздар.

Сілтемелер табушы және сөз тапқыш : Оқушының негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға мәтінге қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы) : Оқушының негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты әрекет арқылы мінез – құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

Бейнелеуші – суретші : Оқушының негізгі жұмысы - басты кейіпкерлердің суреттерін , соларға қатысты кейбір көріністерді, іс-әрекеттерді бейнелеп сурет салады.

Баяндаушы : Оқушының негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

5- топ.

  • Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, қайыршы Антонның образын ашыңыз.
  • Осы шығармада автордың өз көзқарасын таныту шеберлігіне (диалогқа құру шеберлігі, авторлық баяндаулар, тура және жанама мінездеу түрлерін қолдану, нақыл сөздермен түйіндеу) талдау жасаңыз.

Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
  • автордың идеяны жеткізу шеберлігіне дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.

Бай баласы мен жарлы баласы

 Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты:

– Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық.

Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүрлеуге түсiп жүре бердi.

Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады:

– Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi:

– Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар, – дедi.

Бiраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп едi, Үсен алдырмай:

– Жолдан адасып көп күн жүрсек, бiзге тамақ, керек болар, үйректi де ұстап алайық, – дедi.

Асан айтты:

– Қалай ұстаймыз? Үсен:

– Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен.

Үйректi Асан:

– Тiрi алып, ойнап баралық, – дедi. Үсен айтты:

– Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бiрақ тiрiлей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы едi, әуре етпей бауыздап алалық, – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды.

– Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуi бiр өзен-судың бойына жеттi. Су iшiп сусындарын қандырған соң Үсен айтты:

– Ендi бiр тамақ пiсiрiп желiк. Асан:

– От жоқ, неғылып пiсiрiп желiк? – дедi.

Үсен үндемей су жағалап жүгiрiп кетiп, бiр шақпақ тас тауып әкелдi және шапанының бiр кiшкентай жыртылған жерiнен аз ғана мақта суырып алып, оны тастың үстiне қойып, бәрiн бармағына ғана қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып едi, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына аз ғана тезек үгiп салып, Үсен өзi отты үрiп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел деп жiбердi. Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiң жүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiк iстеп, үйректi отқа қақтады. Пiскен соң екеуi де жесiп, тойып алысты.

Тамағы тойған соң көңiлiнен уайымы шығып, Асан су жағалап жүгiрiп кеттi, бiр мезгiлде дауыстады:

– Үсен, Үсен! Мынау тайыз жерде балықтарды қарашы! – деп.

Үсен оған қарамай баяғы жүрттан тапқан иненi отқа салды. Ине бiраздан соң оттың күшiмен ерiп, қызарды, сол уақытта пышақпен иненi алып, ептеп идi, қармақ iстедi.

Сонан соң Асанды шақырып:

– Сен шегiртке тере бер, – дедi де, өзi манағы қылдан есiп қармаққа бау iстеп байлап, талдан кесiп оған сап iстедi. Сөйтiп, қармағы әбзелiмен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегiрткесiн жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемi, айнадай таза су екен, iшiндегi ойнаған балықтары көрiнiп жүре-тұғын. Әуелi шабақтар келдi, бiреуi бiр, екеуi екi жемдi иiскеп, тиiп-қашып, жұлқып өтiп жүрдi. Сөйтiп тұрғанда шабақтар дүркiрей келiп қашты. Қараса, бiр шортан келген екен. Ол шортан жемге де қарамай, тәкаппарланып жайымен бұлғаңдап өтiп жүре бердi. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып келiсiп, жемнiң айналасында ойнап, бiрiн-бiрi қуып, жемге де тиiп-қашып, соғып өтiп жүрдi. Сөйтiп тұрғанда, шабақтар және дүркiрей қашып, жоқ боп кеттi. Қараса, бiр бөлек алабұғалар келген екен, жемдi ең бұрын көрген бiреуi тоқталмастан келiп асап келiп қалғанда, Үсен қармақты тартып алып, оны шығарып тастады. Сол қалыпша Үсен бiрталай алабұға алды.

Балықтың алынған қызығына айналып тұрып, балалар күннiң кешке таянып қалғанын аңғармаған да екен. Бiр мезгiлде Үсен күнге қарап:

– Ањ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық, – деп, қармақпен алған балықтарын бiреуiнiң шапанына орап алып, манағы шақпақ тасын және сабы-бауымен қармағын да қалдырмай алып, ендi өткел iздестi. Бұл турада Үсен кiдiрместен, манағы өздерiнiң түсiп келген сүрлеудiң өткен жерiн тауып алып, сол жерден өте шықты.

Бiраз жүрген соң-ақ күн кеш болды және бiраздан соң ымырт жабылып, жол көрiнбедi. Түн болған соң, балалар екеуi де қорқайын дедi. Сөйтсе де Үсен сыр бiлдiрмей ендi жүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек терiп от жақты. Бiраз отырған соң Асан күндiз көп жүрiп шаршаған бала, ұйықтап қалды. Үсен ойлады: әкем айтушы едi: «елдi жердiң ұрысы, далалы жердiң бөрiсi болады» деп, ұйықтамай отқа күндiзгi алған балығын пiсiрiп, ермек етiп отыра бердi; есiтуi бар едi: от жағып отырса, қасқыр келмейдi-мiс деп. Қарап отырса, бiр мезгiлде бiр топ киiк келдi. Олар анадайдан одырайып қарап тұрып-тұрып, өз-өзiнен үркiп жөнелдi. Бiраздан соң құлын, тайы бар бiр үйiр құлан келдi; айғыры алдында басын тiкшитiп, құйрығын шаншып, осқырынып, өзгелерi таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар да ша-уып жөнелдi. Бiр мезгiлде жақын жерде қасқыр ұлыды; алысырақта өгiз-шағала адамша шыңғырып, бiресе жылаған балаша, бiресе қарқылдап күлген адамша, әр түрлi дауысқа салды. Үсен түйсiнiңкiреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын қысыңқырап ұстап және отыра бердi. Сөйтiп, әр жануарларды көрiп және оттың жарығына жиылған құрт-құмырсқа, көбелектердi қарап, бұл көбелек, қоңыздар неге көрiне өлiм iздеп отқа түсе бередi екен деп, әр түрлi ойларға қалып, сүйенiп жатып, таңды атырды. Күншығыста таң әуел алтынмен бояғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята бастады: «Жүрер уақыт болды», – деп. Асан далада екенiн ұмытып, үйдегi қалыбынша, жуық арада оянбай ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертiп жолға шығысты.

Күн сәскеге шейiн жүрiп отырып, сәскеде сүрлеу бiр қатаң шоқаттау жерге түсiп көрiнбей кеттi. Балалар ендi қай жаққа жүрерiн бiлмей дағдарып тұрды. Сөйтiп, жан-жағына қарап тұрса, iлгергi алдында бiр биiк қыр үстiнде, үлкен мола көрiндi. Сонда Үсеннiң ойына әкесiнiң сөзi түстi: далада жүрiп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады дейдi екен. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен ендi бiлдi жақын жерде көл бар екенiн, оның үшiн қаз сусыз жердi мекен етпейдi. Келiп екеуi ендi молалы қырға шықты, қараса, қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдiң айналасы да, iшi де жыңылдаған мал; жағасындағы жiбектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бiр парасы көл iшiне кiрiп, белiнен құраққа кiрiп тұр, ендi бiр жақ жағасындағы сортаңда бiр топ түйе жатыр. Бұларды көрiп, балалар қырдан түсiп, жүгiрiп малға келдi. Келсе өз ауылдарының малы екен. Малшылар Асан, Үсендi көрiп, олар да қуанып, бiреуi әке-шешелерiнен сүйiншi сұраймыз деп шауып кеттi, өзгелерi балаларды атқа мiнгiзiп, ауылға алып жүрдi. Жолда келе жатып малшылар айтты:

– Сендердiң жұртта қалғаныңды бiлiп, кешеден ауылдың жан бiткенi iздеуге кетiп едi, – деп.

Нақ бесiн мезгiлiнде балалар аман-есен үйлерiне келiп, әке-шешелерiне қосылды дейдi.

Қыпшақ Сейітқұл

 Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен, інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды. Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді. Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да малдары көбейіп, бай болды, ел жиылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жинап кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн-жабағысын, тері-терсегін келтіріп, егіншілер оларға астығын, товарын айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты. Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қоңырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті, қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейітқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс. Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдаллин сұлтанның айтуы бойынша,1830-шы жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады.

 

Жаман жолдас

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?

Ауру айтты дейді:

Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

 Дүние қалай етсең табылады?

 

  Француз жұртының бір білімді адамы жазады:

- 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып- қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

 - Сен қарауға еп- есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала- қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды- көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара- бара кебірек, әр үйден ескі- құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі, баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон,- деді де, жөніне жүріп кетті.

 Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай- бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды- тұрды да, қасыма келіп айтты:

- Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? Сонда ойыма түсіп, таң қалып:

- Сен Антонбысын? - дедім.

- Ра- с,- деді Антон,- мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым,- деді.

Талаптың пайдасы

Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күн шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала екеш балаға да көзін салып тұрған екен.

Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барды. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті, патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:

- Неғылып тұрсын?

- Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.

- Оны неғылмақсын?

- Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.

- Қане, көрсетші сызғаныңды?

Сол уакытка шейін корықпай жауап беріп тұрған бала, сызғаныңды көрсет дегенде, қысылайын депті, сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін. Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зирек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала, бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.

Оқушының аты-жөні............................................

Бағалау критерийлері:

  • Жазушының идеяны жеткізудегі шеберлігін талдай отырып, әңгімелердің эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады.

Тапсырма

Ыбырай әңгімелерінде көтерілген мәселелердің өзектілігін талдап, ойыңызды дәлелдеңіз. Астарлы ойды ұсыну шеберлігін бағалап, «Жазушы шынайы өмірдің құндылықтарын шебер жеткізуші» деген тақырыпта сыни шолу жазыңыз.

Дескриптор:

  • жанрлық ерекшелігін сақтап жазады;
  • автордың стильдік ерекшелігіне баға береді;
  • шығарма идеясын берудегі автор шеберлігін талдайды:
  • шығарманың эстетикалық/көркемдік-идеялық құндылығына, автордың қолданған тілдік құралдары мен тәсілдеріне толық талдау жасайды.
  • тақырыпты ашу үшін шығарма фрагменттерін/мысалдарын/эпизодтарын, дәйексөздерді/кейіпкер сөздерін, әдеби терминдер мен тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелді жеткізеді.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу