Ақтамберді Сарыұлы толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 19-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : №19

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ақтамберді Сарыұлы толғаулары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Сабақ мақсаты:

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірге сүйенеді; өзіндік сыни пікір жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: әдеби сын, эстетикалық баға, зерттеу еңбек, көркемдік шындық, сын-пікір т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, әдеби сын; пікіріме мақаладан мынадай дәлелдер келтіремін; менің пайымдауымша, оның себебін былай түсіндіре аламын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

 

 «Өмір ұраны»

Әр оқушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздарды араластырылады. Содан соң бір оқушы шығып, үш-төртеуін таңдап оқиды. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табуы тиіс.

http://vestnik.ksu.kz/wp-content/uploads/Philology_2_82_2016.pdf

Сабақтың ортасы

2 мин

 10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 12 мин

 

 

 7 мин

Мағынаны тану

  • тапсырма Ж., ЖЖ.
  • Әдеби сын туралы анықтамамен танысыңыз.
  • Жұбыңызбен ой бөлісіңіз.

Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сын бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдірмей отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы.

2-тапсырма Ж.

Екіжақты түсініктеме күнделігі

Оқушылар ғалым Р.С.Кареновтің «Ақтамберді жырау — қазақтың ежелгі жыраулық мектебінің белді өкілі» мақаласымен танысады.

Бөліктің оң жағына

Бөліктің сол жағына

Зерттеу еңбегінің өзіне ерекше әсер еткен тұстарын тезис түрінде жазады.

Әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (ғалымның көркем шығармаға берген бағасы қаншалықты шынайы, оның бүгінгі оқырман үшін мән-маңызын айқындап бере алған ба т.б.)

3-тапсырма Ж.

Ғалымның мақаласына сүйене отырып, жырау толғауларына өз көзқарасын білдіріп, өзіндік сыни пікір жазады.

Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарма бойынша жазылған сын-пікірге сүйенеді; өзіндік сыни пікір жазады.

Мақалада көтерілген мәселенің өзектілігін дәлелдейді;

Автордың жырау поэзиясының өміршеңдігі жайлы дәлелдеулеріне сыни пікір білдіреді;

Өзіндік көзқарасын сенімді жеткізеді.

4-тапсырма Ж.

Мұғалім барлық оқушының жұмысын жинап, араластырып жібереді де, қайта таратады. Оқушы өзіне тиген жұмыспен танысып, комментарий жазады. Жұмыс қайтадан оқушыға беріледі. Оқушылар өз қалауымен ұнаған не ұнамаған комментарийді оқып береді. Өзінің келісетін/келіспейтінін дәлелмен білдіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

4 мин

Кері байланыс

Үйге тапсырма: Ахмет Йассауидің өмірі, 1-6-хикметтерімен танысып келіңіз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Оқушылар әдеби сын жайлы теориялық, тәжірибелік білімдерін; басқалардың жазбаларын оқи отырып, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамытады.

Оқушылар бағалау парағы арқылы өзара бағалау жүргізеді.

Сыни пікір жазу кезінде қиялдары бөлінбес үшін мұғалім тыныштық сақтауды ескертеді.

  • Осы сабақ барысында оқушылар төмендегідей НЗМ құндылықтарын дамытады:
  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу