Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
ІV бөлім: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
7-сабақ
Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі
Сабақ : № 7 | Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ | ||||||
Күні : | Мұғалім: Меңдібаева С.Ә | ||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ мақсаты | Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. | ||||||
Құндылықтарды игерту: |
| ||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||
Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер Қашық болу, асық болу, ғибрат алу | ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Проза үлгілері | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Сыни хабарлама белгілерін еске түсір!
|
| |||||
Сабақтың ортасы 20 минут Ауызша кері байланыс беру 5-минут 10 мин Саралау тапсырмасы | Мағынаны тану кезеңі 1-топ тапсырмасы
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 2-топ тапсырмасы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. 3- топ тапсырмасы
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. 4- топ тапсырмасы
Желтоқсан бiрде,Ел тосқан түрде,Келетiн мүлде жайдарлы.Сол жылы бiрақ,Әдеттен жырақКөрiндi шын ақ айбарлы.Тоңдырды менi,Тоңдырды сенiЖелтоқсан желi ызғарлы.Солдырды гүлдi,Оңдырды нұрды,Көңiлде мұңды iз қалды. Бабалар өлер,Балалар келер,Аналар берер тiршiлiк.Гүлденер дала,Түрленер қала,Бұтаққа жаңа бүр шығып.Тоңдырды менi,Тоңдырды сенiЖелтоқсан желi ызғарлы.Солдырды гүлдi,Оңдырды нұрды,Көңiлде мұңды iз қалды.
5- топ тапсырмасы
«…Иә, мен сiздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшiлiкпен бiрге. Барғанда да Қонаевтың күйiн күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебiм, бар мақсатым, бiрiншiден, ол жерде не болып, не iстеп, не қойып жатқанын өз көзiммен көру болды. Екiншiден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтiрiп жатыр дегендi елден естiген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектiк ар-намысым еш жетпедi. Ер қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспiн, құдайға шүкiршiлiк, менiң де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық. Оның үстiне «қыздың жолы жiңiшке» деген. Менiң түсiнiгiмше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегi де ұрғашысына мүйiз, я болмаса тұяғын көтермейдi. Ал, бiз бәрiмiз де аң емес, адамзаттың ұлы — адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтерiп, қол жұмсауға тиiс емес, әуелi еш правосы жоқ. Ол үшiн әлi күнге дейiн еш өкiнбеймiн, керiсiнше, үлкен мақтаныш тұтамын, бiрақ та, бiр Құдай өзi куә, адам баласын еш өлтiргенiм жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзi, сормаңдай менiң қолымнан келмейдi. Еш уақытта, ешқашан да… 6- топ тапсырмасы
Қ.Рысқұлбеков Колбиннің жебесіне ілігіп, 21-ге қараған шағында қолына кісен салынып, тұп-тура 21 күн сот алдында нақақтан күйіп-жанып, өртеніп, тас-түрменің 21-ші камерасында, 21 мамыр күні қапылыста қара ниет қарақшының құрбаны болған оның арада бес жыл өткен соң, 21 ақпанда ақталуы қалай, жоғарыда айтқандай кездейсоқтық па, әлде тағдырдың жазуы ма? Әрине, Қайратқа сол кездегі билік тарапынан жасалған қысастықтың ешқайсысын кездейсоқтық дей алмаймыз. Тіпті, басқасы басқа, оның мүрдесінің қайда жерленгені көп уақытқа дейін белгісіз болып келсе, ол немқұрайдылық емес, ол нағыз қысастықтың тап өзі». Жоғарыдағы қос мақаланың үзіндісінен-ақ Қайраттың өмірде қандай азамат болғандығы анық байқаймыз. Ғұмыры қысқа болса да Қайрат қазақ халқының санасында туған ұлтының азаттығы, тәуелсіздігі жолында қандай батыл қадамға болса да баруға қабілетті, ержүрек азамат ретінде сақталып қалды. Қ. Рысқұлбеков сынды батыр ұлдарымыздың есімдері туған еліміз аман тұрғанда Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек. "Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар!" - деп сот үкімін қасқайып қарсы алған өр тұлғалы Қ. Рысқұлбеков, қылышынан қан тамған қызыл империяның сан қилы қияңкескі әрекетін осы бір ауыз өлеңінің рухымен таптап тастаған тәрізді көрінеді де тұрады... Оқушылар мәтіндерді талдап болғаннан кейін «Желтоқсанның қанды шеңгеліне іліккен жандар тағдыры» тақырыбында әңгіме сюжетін тарихи деректермен байланыстыра сыни хабарлама жазады. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушылар үшін интернет көмегіне сүйене отырып, желтоқсан құрбандарының тізімін жазу тапсырмасын беруге болады. | презентация | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ рефлексиясы | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
| ||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру