Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі
Сабақ : № 5 | Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ | ||||||
Күні : | Мұғалім: Меңдібаева С.Ә | ||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ мақсаты | А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу | ||||||
Құндылықтарды игерту: |
| ||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||
Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер
| ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Оқушылар алдымен терминдермен жұмыс істеу барысында сипаттау мен суреттеу тәсілдерінің синонимдес ұғым екенін түсініп, түрлерін ажыратады Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.
|
| |||||
Сабақтың ортасы 5 – 7 минут 5 минут 7 минут Ауызша кері байланыс 3 мин 10 минут Ауызша кері байланыс беру 2-минут Саралау тапсырмасы | Мағынаны тану кезеңі Әдеби шеңбер» әдісі бойынша оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде бір–біріне тұрып,мұғалім қойған төмендегі сұрақтарды кезек–кезек талдайды:
1-топ тапсырмасы 1. Татарша орама жағасы бар, мақталы ұзын шапан киген екеу келіп, тұманды боз қырау басқан есіктің қоңырау тетігін басып тұр... - Келген екеу кім? - Олар неге келді? -Кім жіберген еді? 2. “ Қандай байланысы барын сізге жазған хатында айтқан болар. Алдымен сіз мына хатты оқыңыз,”-деп аласа бойлы татар қойнынан сия қарындашты жалай отырып, ірі әріппен сойдита жазылған хатты қолына берді. - Хатта не жазылған деп ойлайсың? 2- топ тапсырмасы 3. “Күш байқаған кісі тышқан аулаған мысықтай, үндемей келіп бас сала ма екен?” -Кімнің сөзі? -Бұлай айтудың себебі неде? 4. ... Хат танымайтын Мұқанға балуандық өнердің ең ауырларын үйренуге тура келді. -Мұқан үшін өнердің ең ауыры не еді? -Ал ең жеңілі деп қандай өнерді айтар едіңдер? 5. “Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам. Мен сіздің мектепті бітірмей, мейрамды қайтем.” -Кімнің сөзі?
3- топ тапсырмасы 6. “Жас балуанның жиырма төрті мектептің биылғы бағдарламасын бітіріп, тәжірибе жұмысына шыққалы отыр. Бірінші – Дубный, екінші - Мұңайтпасов” -Мұқанның екінші тұру себебі неде? -Осы тәжірибе сынында Мұқанның алғаш көрсеткен өнері? 7. Жасы отыздан асып, “енді елге қайтпасам болмас” деп жүргенде, Дубный Ригадан бір топ балуанмен келді.
4-топ тапсырмасы 8. “-Ертең Ресей балуандарының өнерін көресіздер,- деді цирк басқарушысы.”
9. ...Басында айыр қалпағы бар, үстінде ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атанға мінген біреу шықты. -Бұл кім еді? -Ол қандай өнер көрсетті? Тапсырма Әр топ сұрағымен байланыстыра отырып, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады |
презентация презентация | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ рефлексиясы Сабақтың соңында оқушыларға өздерінің жұмыстарының жетістіктерін әр кезең бойынша баспалдақ жетістігінде көрсетуге болады . Бұл оңай ғой ! Мен жасадым Мен жасай аламын Жасап көрейін Қалай жасауыма болады Жасағымда келмейді Мен жасай алмаймын Мен жасағым келмейді | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
| ||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру