Мәңгілік Ел идеясын ақындар жырлайды. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика

Сабақтың тақырыбы

Мәңгілік Ел идеясын ақындар жырлайды.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.

Мәтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз әрлеу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың тақырыпты болжау, сұрақтарға болжаммен жауап беру, салыстыра талдау дағдыларын қалыптастыру. Мәтіндегі сөздердің қолданысын, автордың ойды жеткізудегі сөз таңдауын талдау.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым бойынша:

  • Оқушылар тыңдалатын мәтіннің тақырыбын, мазмұнын қойылған сұрақтар бойынша алдын-ала болжайды.
  • Сұрақтарға болжаммен жауап береді.
  • Өз жауабын түпнұсқамен салыстырады, талқылайды.

Тілдік мақсаттар

Сөз, сөйлем деңгейі. Мәтіндегі сөздердің қолданысын, автордың ойды жеткізудегі сөз таңдауын талдау кезінде жүргізілетін сараптама.

 Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылығын ояту

Тыңдалымалды тапсырма.

Оқушыларға өлең сөзі таратылады. Оқушылар іштей бір рет оқиды. Екінші ретінде дауыстап мұғалім нұсқауымен кезек-кезек оқиды.

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген…

Мұқағали Мақатаев

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,Не тындырдың «басымды иемменен?»Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,«Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не.…Егер Отан сыңсыған орман болса,Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Самалы бол, Отанның салқындаған,Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.Семсері бол Отанның қынабында,Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,Шуақ болып шашылмай жылына ма?Сүй Отанды.Шыныңмен сүйіп өт те,Гүл боп қадал ойына, қырына да!

«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,Ақ басты алып анаммен шырайласам.Қалай оны сүйем деп айта аламын,Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!

…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»…Өгей әке емес қой Отан деген,Отанды мен Атамдай иемденем.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.

https://marataga.wordpress.com/2011/08/03/hello-world/

Сабақтың ортасы

Тыңдалым

10 минут

Мағынаны тану сатысы

С.

Тыңдалым

Аудиовизуальды материалдан М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін екі рет тыңдайды.

Екі өлеңге салыстырмалы талдау жасайды.

  • Экспрессивті-эмоциональды сөздер кездесе ме?
  • Автор бұл сөздерді не үшін қолданған?
  • Экспрессивті-эмоциональды сөздер өлеңге қандай мән үстеп тұр?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы бойынша оқушылар өз қалауларымен сынып ортасындағы орындыққа отырып, 1 минут өлеңнен алған әсерлерін жеткізеді

https://www.youtube.com/watch?v=BMOyCb83_ww

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Жасыл түс – сабақты жақсы түсіндім, оқу мақсатын орындай алдым.

Сары түс – түсінбей қалған жерім бар, орташа түсіндім.

Қызыл түс – ештеңе түсінген жоқпын, маған көмек керек.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Бағалау критерийі

Дескриптор

мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.

Мәтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз әрлеу

Өлең мазмұнын түсінеді.

Өлеңді идеясына сәйкес мінерін келтіріп оқиды.

Тыңдалған мәтіннің негізгі ойын талдай алады.

Экспрессивті-эмоциональды сөздерді табады.

Автордың бұл сөздерді қолдану мақсатын талдап жеткізеді.

Экспрессивті-эмоциональды сөздер өлеңге қандай мән үстеп тұрғанын талдайды, бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.