Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қазақ тілі 8Т1

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу бағдарламасына сілтеме

8.1.3.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау.

Оқу мақсаттары

Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйеніп тақырыпты,көтерілген мәселені болжау;

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін дәйексөздер мен үзінділер арқылы меңгеру

Бағалау критерийі

  • Дәйексөздер мен үзінділерге сүйеніп көтерілген мәселені болжайды
  • Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін мәтіннен алынған дәйексөздер мен үзінділер арқылы көрсетеді

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

7-сыныпта қалыптасқан дағдылар, білімдік және ақпараттық ресурстар

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Оқушыларды 1-4-ке дейін санату арқылы 4 топқа бөлу.

Тыңдалым алды тапсырмасы

Қызығушылықты ояту

Т

Оқушылар топта тақтада көрсетілген дәйексөздерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбына, онда қандай мәселе көтеретіні жөнінде болжам жасайды. Әр топ өз болжамын айтады.

Бағалау.

Мұғалім топтың жауаптарын смаилик арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі:

  • Берілген дәйексөздер арқылы тақырыпты болжайды
  • Дәйексөздерге сүйенен отырып, көтерілген мәселені анықтайды

Сабақтың тақырыбына, ондағы көтерілетін мәселені болжап болған соң, мұғалім оқу мақсатымен таныстырады, оқушылар оқу мақсатын топта талқылайды.

  • Оқу мақсаты сіздерге түсінікті ме?
  • Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз?
  • Қандай тақырып төңірегінде сөз қозғаймыз?

Бағалау смайликтері

Сабақтың ортасы

7 мин

15-16-мин

5 мин

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

ЖЖ

Оқушылар жұпта тақтада берілген дәйексөздерден ( 2 дәйексөзді таңадап алуға болады) сөз тіркестерін жасап шығады, сөз тіркестерін төменде берілген тапсырмамен сәйкестендіреді.Жұптық тапсырманы топта топтастырады. Өзіндік қорытынды шығарады

Тапсырма

І. Дәйексөздерден сөз тіркестерін жасап шығыңыз

ІІ. Сәйкестендір. Сөз тіркестері жасалу тәсілінің қайсысына сай келеді?

Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдері

1.Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.

2.Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.

3.Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.

4.Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

ІІІ. Сөз тіркестерінің байланысу тәсіліне байланысты қорытынды пікір айтыңыз

Бағлау

  • Берілген дәйексөздерден сөз тіркестерін жасайды
  • Сөз тіркестерін дұрыс сәйкестендіреді
  • Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне байланысты қорытынды жасайды

Мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім керек болған жағдайда сөз тіркестеріне, оның жасалу тәсіліне түсінік береді.

Тыңдалым.

Оқушылар «12 сәуір – ғарышты бағындырған күн» тақырыбында мәтінді тыңдайды.

Тыңдалым мәтіні бойынша әр топқа тақырптар беріледі.Тақырыпты ашу үшін тыңдалым мәтініндегі үзінділерді қолданып,көтерілген мәселеге болжам жасайды.

1-топ.

Байқоңыр – ғарышқа бастар жол.

2-топ

Тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагариннің көкке самғағанына 55 жыл.

3-топ

Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтің көкке самғағанына 30 жыл.

4-топ.

Қазақстан – ғарыш кіндігі.

Бағалау критерийі:

  • Тыңдалым мәтініндегі үзінділерді қолданады
  • Көтерілген мәселені болжайды

Топаралық бағалау.

Әр топ дайын бағалау критерийі бойынша бір-бірін бағалап шығады.

Мұғалімнің кері байланысы. Топтардың тапсырманы орындаудаға жетістіктері мен ұсыныстарын айтады

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Ж

Әр топқа тыңдалым мәтінінен үзінділер беріледі.Тапсырманы топтағы әрбір оқушы дәптерге жеке орындайды Оқушылар үзінділерден сөз тіркесін жасайды, сөз тіркесінің тәсілін анықтайды.

1-топ.

55 жыл бұрын адамзат баласы алғаш рет ғарышты игерді.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

2-топ

Ғарышқа адам баласын ұшырмас бұрын ғалымдар бірнеше жылдар бойы тәжірибе жүргізді.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

3-топ

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Байқоңырдан» «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

4-топ

Бүгінде Қазақстан ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына енді.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

Бағалау критерийі:

  • Үзіндіден сөз тіркестерін жасайды
  • Сөз тіркесінің жасалу тәсілін дұрыс анықтайды.

Бағалау. Оқушылар шеңбер бойымен дәптерлерін жылжыта отырып, бір-бірінің тапсырмаларын тексеріп шығады, критерий бойынша бағалайды. Кері байланыс береді. Кері байланысты дәптерге тапсырманың соңына жазады.

Мұғалім аралап жүріп бір жақсы орындалған тапсырма мен бір орта орындалған тапсырманы таңдап, бағалаушы оқушыға дауыстатып оқытып, бағалатып, кері байланысын тыңдайды.

Мұғалімнің кері байланысы.

Не жақсы болды? Нені жақсарту керек?

https://itest.kz/ru/lekciya_soz_tirkesi_soz_tirkesining_bajlanysu_tasilderi_men_turleri_soz_tirkesining_sintaksistik_qatynastary_kazakhskij_yazyk_sintaksis_ru

сөз тіркесі

I Test

http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/12-seuir-adamzattyn-garyshty-bagyndyrgan-kuni

«12 сәуір – ғарышты бағындырған күн»

Ә.Жақанов.Т.Қожахметов

Қызылорда тv.kz

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«Шығу парағы» әдісі.

Мұғалім оқушыларға 5 сұрақтан тұратын шығу парағын таратады. Оқушылар сұраққа жауап жазады, мұғалімге өткізеді.

1.Оқу мақсатына жеттік пе?

2.Оқу мақсатына жету үшін не істедің?

3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?

4. Көтерілген мәселені болжау үшін үзінділер мен дәйексөздер қаншалықты тиімді болды?

5.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері не үшін қажет деп ойлайсың?

Мұғалім шығу парағындағы жауаптарды оқып, талдама жүргізеді, келесі сабағына өзгертулер енгізеді

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.