Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Топқа бөлу

Арман мақсат жетістік табыс

Тыңдалым алды тапсырмасы.

Дәйексөздер

  • Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең.
  • Байқоңыр – Қазақстан мен ғарыш әлемін байланыстыратын көпір.
  • Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз.
  • Ғарышқа ұшу – қазақтың кешегі арманы еді.

Зымыран сұрақтар

  • Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы қалай аталады?
  • Сөздердің байланысуы қай жерде анықталады?
  • Сөз тіркесі болу үшін сөздер .... байланысады.
  • Септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуды .... дейміз.
  • «Досым үшін ұялдым» сөздер қандай тәсіл арқылы байланысқан?
  • Сөздер ешбір жалғаусыз байланысса,онда ол...
  • «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Мен оқушымын» сөздері өзара қалай байланысып тұр?

Тыңдалым мәтіні.

Осыдан тура 55 жыл бұрын адамзат баласы алғаш рет ғарышты игерді. 12 сәуір күні - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанған «Восток» кемесімен Юрий Гагарин космоста 1 сағат 48 минут уақыт өткізіп, жерге оралды. Міне, содан бері көкке талай зымыран ұшырылып, туристік саяхат ұйымдастырылатындай кезеңге де жеттік.

Тарихқа көз жүгіртсек ғарышқа адам баласын ұшырмас бұрын ғалымдар бірнеше жылдар бойы тәжірибе жүргізді. 1957 жылы 3 қарашада «Спутник-2» ғарыш кемесімен космосқа аттанған ең алғаш тіршілік иесі Лайка есімді ит болды. Бірақ, техникалық олқылықтардан бұл ұшырылым сәтсіз аяқталды. Мұнан кейін, 1960 жылы Белка және Стрелка атты иттер орбитаға көтеріліп, аман-есен жерге қонды. Осыдан кейін барып, Юрий Гагарин тұңғыш ғарышкер ретінде ғарышты бағындырды. Ол 302 шақырым биіктікте жер шарын бір айналып шығып, сан мыңдаған жылдар бойғы адамдардың арманын жүзеге асырды.

Ал 1991 жылы 2 қазанда қазақ елі үшін тарихи оқиға орын алды. Тұңғыш қазақғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Байқоңырдан» «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Ғарыштағы «Мир» орбиталық кешенінде сегіз күн болып, биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жерге оралды. Мұнан соң, тағы бір отандасымыз Талғат Мұсабаев космосқа үш рет ұшып, барлығы 342 күнін галактикада өткізіп, ғарышты игеруде елеулі үлесін қосты.

Қазіргінің қаһарманы Айдын Айымбетов үшінші қазақ ғарышкері. 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА 18М» экипажымен Халықаралық ғарыш станциясына аттанып, 10 күн зерттеу жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Елжанды азамат осылайша барша қазақстандықтардың сүйікті тұлғасына айналды.

Бүгінде Қазақстан ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына енді. «КазСат» спутниктік жер серіктерін ұшыру арқылы цифрлық ақпарат тарату, байланыс операторлары мен ауа райын болжау секілді  түрлі салалардың дамуына тың серпіліс әкелуде.

Ә.Жақанов.Т.Қожахметов

Тапсырма.

1-топ.

Ұлттық ғарыш агенттігі соңғы жеті жарым жылдың ішінде үлкен белестерді бағындырды. Дамыған елдердің өзі бұндай жетістіктерге ондаған жылдар бойы келген. Қандай белестерді бағындырды деп ойлайсыз?

2-топ

Халықаралық әріптестеріміз арқылы түсірілген материалдарды шет елдерге сатамыз. Биыл бұл бағытта алғаш рет қадам басып отырмыз. Бастамамыз жаман емес. Сыртқы сұраныстар бойынша 100 млн теңгенің тапсырысын орындадық. Бұл негізінен Мысыр, Судан Африка, Еуропа елдері мен көршілес Ресей, Украина мен Беларусь мемлекеттері. Қандай материалдар түсіруі мүмкін?

3-топ

Бүгінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы техникалық және ғылыми бағыттағы екі жер серіктің құрылысын аяқтады. Отандық ғарыш аппараттары жыл соңына дейін негізгі мақсаттарына кіріседі деп жоспарлануда. Жер серіктерінің қызметі қандай?

4-топ.

Қазіргі таңда Қазақстандық мамандар ғарыш әлемінің жетекші оқу орныдарында ғарыш саласына қажетті кәсіптердің иелері атанды. Қалай ойласыз, енді. Қазақстанда ғарышкерлер көбейеді ме?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Ғарыш жетістіктері Ғарыш жетістіктері

Тапсырма

1-топ.

Еліміз  25 жылда ғарыш саласында ауыз толтырып айтарлықтай  табыстарға жетті.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

2-топ

Аспан әлемін зерттеуге қажетті ғарыш кемелері өзімізде құрастырылады.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

3-топ

Жерді қашықтықтан зонттау кешені   биыл ел қазынасына  6 миллиард теңгеге жуық кіріс әкелген. 

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

4-топ

«KazEOSat-1»  және «KazEOSat -2» атауы берілген қос жер серік тәулік бойы жер бетін зерделейді.

Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің жасалу тәсілі

Кері байланыс

1.Оқу мақсатына жеттік пе?

2.Оқу мақсатына жету үшін не істедіңдер?

3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?

4. Көтерілген мәселені болжау үшін үзінділер мен дәйексөздер қаншалықты тиімді болды?

5.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері не үшін қажет деп ойлайсыңдар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.