Кәсіп. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Камбелова У | ||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Кәсіп | ||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А5 Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау. Т/А4 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау | ||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Сұрақтарға жауап беру; Мәтінде көтерілген мәселені анықтау; Негізгі ойды анықтау. | ||||||
Бағалау критерийлері
| Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай жауап бере алады. Мәтінде көтерілген проблемалық мәселені анықтайды. Автордың айтқысы келген ойын анықтайды. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер, табыс, мамандықты игеру, бағдарламаны жүзеге асыру, несие, пайыз, айтылған сөз атылған оқ | ||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | ||||||
Пәнаралық байланыс |
| ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тілдік дағдылары дамытылды. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
5 минут | Тыңдалымалды тапсырмасы. Жұптық жұмыс. «Карусель» әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберлерде бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Мұғалім ұсынған тақырыптар бойынша өз пікірлерін білдіреді. 30 секунд сыртқы шеңберде тұрған оқушы өз пікірін, 30 секунд ішкі шеңберде тұрған оқушы өз пікірін білдіреді. Әңгіме аяқталғаннан кейін ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен жылжып, жұбын өзгертеді. Ұсынылатын тақырыптар: 1.Кәсіп дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Кәсіпті қандай мақсатта меңгереміз? 3.Кәсіпкер деген кім? 4.Кәсіпкерлікпен айналысу үшін не қажет? 5.Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлік қалай дамытылып жатыр? Оқушылар 4 топқа бірігіп отырады. | Таныстырылым | |||||
Сабақтың ортасы
5 минут 10 минут 5 минут 10 минут | Оқушылар «Кәсіп ашамын десеңіз» бейнебаянын көреді. Бейнебаянның мазмұнын, мәселесін анықтауға бағытталған «нақтылаушы» (2 сұрақ), «бағалаушы» (1 сұрақ) сұрақтар құрастырады. Оқушылар сұрақтарының құрылымында қолданған бейнебаян мазмұнын синоним сөздерімен алмастырып береді. Тыңдалым тапсырмасы. 1-қадам. Топтық жұмыс. Бейнебаянды мұқият тыңдаңдар. Бейнебаянның мазмұнын, мәселесін анықтауға бағытталған «нақтылаушы», «бағалаушы» сұрақтар құрастырыңдар. Дескриптор: 1. Бейнебаянның мазмұнын анықтауға бағытталған нақтылаушы сұрақ құрастыра алады. 2. Бейнебаянда көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылаушы, бағалаушы сұрақтарды құрастырады. 3. Сұрақтарында қолданылған бейнебаяндағы ақпаратты синоним сөздерімен алмастырып құрастырады. 4. Сұрақ құрауда перифраз тәсілдерін қолданады. Оқушылар топта 3 сұрақ құрастырады. Оқушылар сағат тілімен келесі топтарға өз сұрақтарын ұсынады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. 2-қадам. Топтық жұмыс. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер. Дескриптор: 1. Сұрақтарға бейнебаян мазмұны бойынша жауап береді. 2. Өз пікірлерін бейнебаяннан мысалдар келтіру арқылы дәлелдей алады. Оқушылар топтағы талқылаудан кейін топтарында 1 өкіл салайды. Топ өкілі сұрақтар қойған топқа барып, өз жауаптарын таныстырады. Оқушылар берілген дескриптор бойынша өкілдің жауабын бағалайды. Мұғалім әр өкілдің жауабын топтарды аралап жүріп тыңдайды. Топ өкілі арқылы топтың жұмысын бағалайды. Оқушылар жеке жұмысқа көшеді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға бейнебаянды екінші рет тыңдатуға болады. 3-қадам. Жеке жұмыс. Сұрақтарға берілген жауаптарыңды жинақтай отырып, мәтінде көтерілген мәселелерді анықтаңдар, шешу жолдарын табыңдар, автордың ойын табыңдар. Менталды картаға сызыңдар. Дескриптор: 1. Мәтінде көтерілген мәселелерді негізгі ақпараттар арқылы анықтайды. 2. Мәселелердің шешу жолдарын бейнебаян мазмұны бойынша табады. 3. Автордың осы шешу жолдарын неліктен ұсынғанына сараптама жасайды. Оқушылар қасында отырған оқушымен жұптасады, менталды карталарын таныстырады. Бірін-бірі дескриптор арқылы бағалап, кері байланыс береді. | Бейнебаян «Кәсіп ашамын десеңіз» | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Оқушылар сабақта ұнаған 2, көңілі толмаған 2 іс-әрекетті атайды. | Кері байланыс парағы | |||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.