Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.


Атағы жер жарған айбынды қолбасшы Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасып, «Ақиқат пен аңыз» романын жазған Әзілхан Нұршайықовтың есімі елге жақсы таныс. Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның Халық жазушысы:

- Әкем –Нұршайық, Украинада оққа ұшты, ағайым-Ниғап, Ленинград қоршауында оққа ұшты, менің аулымнан соғысқа аттанғанда 14 бала бірге едік. Бәріміз 22-ші жылғы едік, сол 14 баладан 2 бала ғана аман-есен елге қайттық. Міне, солардың бәрі орны толмас өкініш қой...

Әзілхан Нұршайықовқа даңқты қолбасшы - Бауыржан Момышұлынан сұхбат алу тапсырылады. Тірісінде ешкімнен қорқуды білмеген батырдың алдына барғандағы естіген алғашқы айқайы да есінде жаңғырып тұр.

Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның Халық жазушысы:

- «Ол мақаланы саған мен жазуым керек пе? Кругом!», - деді. Сосын мен жалт бұрыла бере, - Бәуке, «дат»- деп, айғай салдым.

«Дат» деген қазақтың бір әдемі, ескі сөзі, ешкімнің аузына түсе бермейтін сөз Бәукеңнің көңілін қозғап жіберді ме, мырс ете түсті де,

- Датың болса, айт,- деді.

БауыржанМомышұлымен 12 сағат сөйлесіп, 23 бет әңгіме жазып алған жазушы, өзіне тапсырылған 6 беттік мақаланың орнына 160 беттік дүние жазып шығады, толықтыра келгенде, одан 800 беттік роман-диалог туады. Төрткүл дүниеге тараған «Ақиқат пен аңыздың» арқасында қазақтың хас батыры Бауыржандай баһадүрмен кездескен ардагер үшін атақтан да ар қымбат.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.