Қазақстандағы көрікті жерлер. Алакөл. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 1-бөлім: (№ 2) Қазақстандағы көрікті жерлер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К. | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстандағы көрікті жерлер Алакөл | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.1.1.1. Болжау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжау | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - көтерілмекші мәселелерді болжайды; - мәселені шешу жолдарын ұсынады.
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: арқаңа тастай салған бұрымындай, тамсанамын келбетіңе, шарқ ұрған шағалаң, құмы алтын, дәні шекер, қаймағы бал, тоқының толқып жатыр тербетіле т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің болжауымыз бойынша, мүмкін деп ойлаймыз, мәселені былай шешуге болады, оның мынадай жолдары бар т.б. | ||||||||||||
Құндылықтар | Белсенді азаматтық ұстаным (қоғам өміріне өзінің саналы түрде қатысуы, өз мемлекеті мен халқына пайдасын тигізуге талпынуы, өз көзқарасын, пікірін орынды ұсына білуі); Эмпатия. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қоғамтану, әдебиеттану, география | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 минут | Оқушылар таңдаған өлең жолдары бойынша үш топқа бөлінеді. Өздеріне тиесілі өлең жолдарын мәнерлеп оқып, ондағы көркемдегіш құралдарға мән береді, сабақтың тақырыбын болжайды.
Құмы алтын, дәні шекер, қаймағы бал Елімнің Алакөл атты аймағы бар. Күн тура көлден шыға келетіндей Мұнда кеп шомылауға Ай да құмар. Ғ.Жандыбаев Тұнықта тұнық бар ма екен-ау тұнығыңдай, Шарқ ұрған шағалаң да бір ұлыңдай. Бір сілкіп бұрқыратып Аралтөбе, Арқаңа тастай салған бұрымыңдай Айжарық ақын. Алакөл тамсанамын келбетіңе, Өзіңдей жер бар ма екен жер бетінде. Қабанбай бабамыздың рухы болып, Толқының толқып жатыр тербетіле Естай Әлекеев | https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/68 http://kaz.altai.kz/8394-bauyrzhan-zhakyp-alakol-auenderi.html | |||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 5 минут 8 минут 15 минут 2 минут | Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстанда көрікті жерлер көптеп саналады, соның бірі- Алакөл. Аралырыңызда Алакөлде болғандарыңыз бар ма? Қалай ойлайсыздар, сол Алакөл демалыс орнында мәселелер болуы мүмкін бе? Болса, қандай? 1-тапсырма: Өз ойларын қағазға тізбектеп жазады. Оқушылар ойы тыңдалып болғаннан кейін Марат Тоқашбаевтың facebook парақшасынан алынған мәселелерімен салыстырады. (Тақтадан көрсету) 1) ЖОЛ, ЖАТЫН ОРЫН, АУА РАЙЫ МЕН МАСА, БАЙЛАНЫС, ТАЗАЛЫҚ, ТІЛ, ОЙЫН-САУЫҚ, ҚАУІПСЗДІК, БАЛЫҚ АУЛАУ. 2-тапсырма: Осы аталғандарға байланысты қандай мәселелер болуы мүмкін? 1-топқа: жол, жатын орын, ауа райы мен маса 2-топқа: байланыс, тазалық, тіл 3-топқа: ойын-сауық, қауіпсіздік, балық аулау. Оқушылар топта ақылдаса отырып, осы аталғандарға байланысты қандай мәселелер болуы мүмкін екенін болжайды. Оқушылардың ойы тыңдалады. Басқа топтардың кері байланысы тыңдалады. 3-тапсырма: Автордың айтқан мәселелері әр топқа үлестіріліп беріледі, оқушылар мәселемен таныса отырып, өз жауаптарымен салыстырады. Марат Тоқашбаев айтқан мәселелерді шешу үшін ТАБЫС КАРТАСЫН құрады. 1-топқа: ЖОЛ. Алакөл Алматыдан 670 шақырым қашықтықта. Ұшақпен бір адамға Үшаралға барып-қайту бағасы – 44-50 мың тг. Поезбен барып-қайту – 12-16 мың тг. Билет табу өте қиын. Ыңғайлысы автобуспен немесе жеңіл көлікпен бару. Бірақ Талдықорғаннан ары, әсіресе Сарқаннан ары қарай жол өте нашар. Тұсаулаған аттай жүрісің өнбейді. Сондықтан жеңіл көлікпен жол – Алматыдан 9-11 сағат. Біз демалған Ақши демалыс аймағы Үшарал қаласынан – 60 шақырым, жұрт көбірек баратын Көктұма ауылы – 70 шақырымдай жерде. ЖАТЫН ОРЫН. Ақшиде демалушыларға арнап салынған пансионаттар, демалыс үйлері, қонақүй сипатындағы барактар, тас үйлер, киіз үйлер баршылық. Оларды интернет арқылы тауып алу оңай. Делдалдарсыз қожайындармен тікелей келіскен ұтымды. Бағасы бір орынға Көктұмада 4 мың теңгеден бастап, Ақшиде 5 мың теңгеден бастап 20 мың теңгеге дейін. Бұған күніне үш уақыт тамақ кіреді. Сөз арасында айта кетейін, мешіт бұл маңда тек Көктұмада ғана бар. Жұма намазға сонда баруға болады. Таксидің апарып-алып келуі 3-5 мың теңге. АУА РАЙЫ. Алакөлдегі ауа райы құбылмалы. Аяқ астынан жаңбыр құйып жіберіп, лезде ашылып кете береді. Біз болған бір апта ішінде төрт күн ашық болды да қалған күндері бұлт қоюланып, мінезін ішіне тартып оң қабақ бермеді. Бірақ оған қарап жатқан жұрт жоқ. Таңғы бесте барсаң да суға шомылып жүргендерді көресің. МАСА. Биыл ауа райының ылғалды болуына байланысты Алакөл жағалауында маса баршылық. Сондықтан кешке және түнде дененің ашық жерлерін масадан қорғайтын спрей, крем пайдаланған тиімді. 2-топқа: БАЙЛАНЫС. Ақшиде «Билайн» болмаса «Актив» онша ала бермейді. Қалтафонға ақша құятын дүкен де, терминал да жоқ. Сондықтан ол жаққа жол жүрерде осыны ескеру керек. Ұсақ-түйек, сусын, сабын, үрленбелі баллон, т.б. сататын шағын дүкенсымақтар бар. Газет-журнал мұнда болмайды. Ал аптека атымен жоқ. ТАЗАЛЫҚ. Пансионаттарда таң ертең беті-қол жуатын жылы су бола бермейді. Монша қажет болса оған алдын ала тапсырыс беру керек. Көл жағасы лас. Жағалауда туалет жоқ. Қоқыс тасталатын контейнерлер уақытылы жиналмайды. Шашылған пластик шөлмек, қажалған жүгері собығы, консерв қалбыры, жыртық пакеттер, тамақ қалдықтары… Тамақ қалдығына үймелеген көк шыбын. Шомылушы адамдар көбіне «өзінен кейін дүние өртеніп кетсе де бәрі бір» қағидатын ұстанған. Жағалау әлеуметтік бильбордтарға мұқтаж. ТІЛ. Неге екенін кім білсін, Алакөлде ағылшын тілі мен қазақ тілінде сөйлейтіндер жоқтың қасы. Орыс тілін опырсаңыз – жетіп жатыр. Мұнда мемлекеттік тіл мәселесі үшін де әлеуметтік бильбордтар ауадай қажет. 3-топқа: ОЙЫН-САУЫҚ. Алакөл жағасында инфрақұрылым енді ғана қалыптасып келеді. Сондықтан балалар ойнайтын аквапарк, балалар алаңшасы сияқты ештеме жоқ. Жабайы тіршілік. Жергілікті жігіттер моторлы қайықпен, су велосипедімен (3-5 мың тг) серуендету қызметін ұсынады. Екі кісілік делтапланермен көкке көтерілу жарты сағаты 12-15 мың тг. ҚАУІПСІЗДІК. Өзіңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін өзіңіз ойламасаңыз басқа ешкім бас қатырмайды. Жағалау қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер адам серуендетумен айналысып кеткендей көрінді. Жағалаудан 8-10 метр әріден тереңдік басталады. Балалар қауіпсіздігін өзіңіз алдын ала ойластырып алыңыз. Ұл-қыздарыңызды су ішінде қараусыз қалдыруға болмайды. БАЛЫҚ АУЛАУ. Алакөлде соңғы жылдарда балық күрт азайып кеткен. Тіпті көрші балық шаруашылықтарының өзі жұмысын доғарған көрінеді. Жалданған қайықтармен (сағаты 5 мың тг) көл ортасына таман барып аулағандар жарты күнде екі-үш алабұға, табан ұстағандарын айтады. Көл жағасынан қармақ салғандар арасынан жеті күнде ұзындығы 10 см екі балық ұстаған адамды ғана көрдім. Мұғалім әр топтың жауабын тыңдап, кері байланыс береді, бағалау парақшасындағы критерийлермен бағалайды. | http://kerey.kz/?p=8455 | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Осы сабақта Білдім: ............................................................ Түсіндім: ........................................................ Жасай аламын: .............................................. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.