Менің күнде көретін жолбелгілерім. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы.
- Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
- Салыстырмалы шырай заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
- Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
- Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Эссе жазу талаптары:
Эссе жазуда әрдайым құрылымды сақтау керек (кіріспе, негізгі, туынды);
Кіріспе бөлімде көбінесе анықтама беріледі, тақырыпқа қатысты сұрақ қойылады, позиция ұсталынады;
Негізгі бөлімде тақырыпқа қатысты пікір білдіріледі, одан кейін аргумент келтіріледі, ол аргумент талданады, жинақталады. Содан кейін барып, тақырыпқа қатысты екінші пікірді білдіруге болады... Мүмкіндігінше, 2-ден артық аргумент келтірудің қажеті жоқ, себебі одан көп болса, тақырыпты аша алмай қалуыңыз мүмкін.
Қорытынды бөлімде тақырып қорытындыланады, ұсыныс айтылады (ұрандатылмайды, жаңа ақпарат берілмейді).
- Эссенің сөз санын қатаң сақтау керек (сөз санынан 10 сөз артық, кем бола алады. Алайда одан артық емес).
Тақырыптан ауытқуға болмайды.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.