Спектакль сценариін жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Адами құндылықтар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 4

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Спектакль сценариін жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру;

4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру және таза жазу;

4.3.9.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қою;

4.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру.

 Сабақ мақсаттары

Сценарий жазып үйрену

 Бағалау критерийлері

Жоспар құру арқылы спектакль сценариін жазады.

 Сөздік қор

 

Спектакль, театр, афиша, сахна, көрермен, әрекет, антракт сөздерін қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорлары молаяды.

 Құндылықтарды дарыту

Рухани адамгершілік қасиеттері дамиды.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ

АКТ-да спектакльдер қарастырады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерлерді сипаттап шағын мәтін жазып үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ) Оқушылар көрген спектакльдерін ортаға салады.

(МТ) Спектакль (фр. spectacle, лат. spectaculum – ойын-сауық) – театр өнерінің туындысы. Осы заманғы театрда режиссер-қоюшының басшылығы арқылы театр ұжымы күшімен (актерлер, суретші, композитор, т.б.) жүзеге асырылады. Спектакльді әзірлеп, қою процесі ең әуелі қалың көрермендер қауымының рухани талабы мен эстетикалық талғамына және театр ұжымының шығармашылық мүмкіншілігі мен ұстанған мақсат-мұратына орай пьесаны таңдау жұмысынан басталады. Осыдан кейін пьесаны сахнаға қоюшы-режиссердің актерлермен жұмыс істеуі, болашақ сахналық туындыға қажетті декорация жасау-жиїаздар мен музыкалық шығармамен эмоциялық жағынан байытып, көркемдеу ісімен айналысатын театр суретшісі, композитор, балетмейстер, дирижер, т.б. шығармашылық қызметкерлермен тығыз байланыста жұмыс істеу процесі де қатар жүргізіліп отырады. Спектакль алғашқы сәттен-ақ театр сахнасына қоюға таңдалып алынған пьеса мазмұнын айқындайтын идеялық түпкі ой-мақсатқа негізделеді. Сахналық туындылар жанрына қарай драмматикалық және музыкалық спектакльдерге бөлінеді. Мысалы, драмматикалық спектакльдің негізі пьеса болса, музыкалық спектакль опера либреттосы немесе балет сценарийіне құрылады. Театр шығармашылығының ерекшелігіне байланысты әрбір спектакль қаншама алдын ала ұқыпты дайындалғанымен ол бір-біріне ұқсамайтын әрі қайталанбайтын сахналық туынды болып қалады.

https://www.youtube.com/watch?v=zB1PKQ0pmag

Сабақ ортасы

65 минут

(МТ) Балаларға арналған спектакльдерден үзінділер көру.

(Ө) Өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру.

Тірек сөздер: Спектакль, театр, афиша, сахна, көрермен, әрекет, антракт.

Бөліскен жазуда ертеде жазылған диалогты спектакль сценарийіне айналдыруды көрсету.

  • Оқырман кім бола алатынын түсіндіру және оларды еліктіру тіл стилін талқылау.
  • Спектакль үлгісіне негізделіп, спектакль жазуды көрсету.
  • Иллюстрациядан түс, пішін және түзу элементтерін қосқанда сахна нұсқаулары мен сахна сипаттамаларын жазуды көрсету. Оны осы шақта жазуды көрсету.
  • Жолдар қалай айтылуы керегін көрсете отырып, актерге сахна нұсқауларын беру үшін мәнер үстеулерін қолдануды көрсету.
  • Әр спикерге орынды тіл және тіркестерді қолданып, оқырманды еліктіруге сөздерді тиянақты таңдау.
  • Диалогты әңгімені ілгері жылжытуда қолдануды және сөз белгілерінсіз дұрыс тыныстау.

(МТ) Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазуды түсіндіру.

(Ж), (Қ) Импровизациялық сөйлесуден идеяларды қолданып, оқушылардан спектакль үлгісіне негізделіп, өз спектакль көрінісін жазады.

(Т) Оқушыларды кейіпкер құндылықтарын сақтауда тіл және диалог таңдауларын жасауда қолдау үшін нұсқаулық жазуды қолдану.

(Дифф) Қабілеті жоғары оқушыларға зерттелген сурет кітабы / фильмді ала отырып, бөлікті толық спектакльге дейін кеңейту.

(Ж) Спектакль сценарийлерінде үстеулер кейіпкер атынан соң, диалог басталмас бұрын жақшаның ішінде жазылады, мысалы: Георг (ренжулі): Мен жасамаймын!

Қабілеті төмен оқушылардан өз сөйлеулерін осы жолы кейіпкер құндылықтарын нәтижелі көрсеткенге дейін жазып және қайта жұмыс жасай отырып, сахналайды.

Оқушылардың келесі қабілетін қарастырыңыз:

спектакль сценарийінде түрлі сөйлем типтерін дұрыс тыныстау;

әр спикерге орынды тіл және тіркестерді қолданып, оқырманды еліктіруге сөздерді тиянақты таңдау.

(Т), (ҚБ) Оқушыларға өз спектакльдерін қайта жобалау және жақсарту үрдісі бөлігі ретінде де, көрерменге соңғы көрсету ретінде де ойнауларына мүмкіндік беру.

Спектакль сценарийлерін оқыту бойынша қосымша материал мына жерден табыла алады www.ideastap.com/Upload/CmsMedia/Education/Resources/Playwriting%20for%20Key%20Stage%202.pdf

Сабақтың соңы

  • минут

Рефлексия

«Алған әсерім»

Не үйрендім? ...

Не ұнады?...

Не ұнамады? ...

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Ұйымдастыру қабілеті жоғарылау оқушылар

  • тиісті саундтрек;
  • дыбыс эффектілері;
  • декорация жасауға басшылық етеді.

Оқушыларға өз спектакльдерін қайта жобалау және жақсарту үрдісі бөлігі ретінде де, көрерменге соңғы көрсету ретінде де сахналауы.

Сергіту сәті өткізіледі.

Театр ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.