Қиял ғажайыптағы құндылықтарды анықтау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Адами құндылықтар | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||||
Сынып: 4 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қиял ғажайыптағы құндылықтарды анықтау | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау | |||||
Сабақ мақсаттары | Құндылықтар тақырыбында әңгімелесу | |||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжайды. | |||||
Сөздік қор
| Құндылықтар тақырыбындағы сөздерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорлары молаяды. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Адами жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер пәнімен байланыс көрініс табады. | |||||
АКТ | Қиял ғажайып әңгімелер мен ертегілерді қарастырады. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Адами қасиеттерді біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5минут | (Ұ) Кітап сөрелерінен кітаптар таңдап алу. Оқу үшін таңдаған мәтіннің не туралы екенін болжау. Оқушылармен қиял ғажайып әңгімелердегі құндылықтарды анықтайтынын хабарлау. |
| ||||
Сабақ ортасы 33 минут | (Ұ) Қиял ғажайып ертегілерді оқу. Кейіпкерлердің бойындағы құндылықтарды түртіп алу. (К) Бірігіп оқуда сурет кітабын немесе анимацияны оқуды көрсету. Автор / иллюстратор / аниматор жасаған шешімдерді және олардың не айтқысы келетінін түсіну үшін суреттерді оқуды көрсету. Әңгіме соңына дейін басты кейіпкердің таңдау немесе дилемма алдында қалатын жерінде оқуды / көруді тоқтату. Мәтіннің соңын болжау. (Б) Таңдалған анимация немесе кітаптан сурет таңдап, пішіні, түсі, стиль және оқырман / көрерменге әсерін талқылау. Суреттегі көңіл күй мен атмосфераны, сондай-ақ жасаушының жеткізгісі келген ойын ашу үшін мәтінге қатысты сұрақтар қою. (Ж) Оқушылардан әңгіме туралы пікірлерімен бөлісулерін сұрау – оларға не ұнайды / ұнамайды? Ол олардың алдында оқыған / көрген кез-келген шығармасын естеріне сала ма? -Оқушылардан бұның қандай әңгіме екенін сұрау. -Оқушылардан соңында не болуы мүмкін екендігін сұрау. Қандай кілттер бар? Оқушылардан өз пікірлері бойынша жазба жазуларын сұрау. (Т) Оқушыларды жұптарда жасаған жазбаларын қолдана отырып, өз пікірлері мен болжамдарын бөлісулері үшін бірнеше топтарға топтастыру. (Ж) Оқушылардан негізгі кейіпкерлер бойынша эмоция сызбасын толтыруларын сұрау. Оқушылардан кейіпкердің әрбір оқиға кезіндегі эмоциясын талқылауларын және келістірулерін ұйымдастыру. (Ұ) Алдында жасалған эмоциялар сызбасын қолданып, барлық сыныппен талқылау арқылы кейіпкердің мінез құлқы мен эмоцияларын салыстыру. (Т, дифф.) Оқушылар үлкен парақ қағаздарына негізгі кейіпкердің ерекшеліктерін жазады. (Т, ф) Тоғыз гауһар тас стратегиясын қолданып, оқушылардан берілген тізімнен басты кейіпкерге ең маңызды деп қай құндылықты ойлайтындарын шешулерін сұрау. Мәтіндегі дәлел қолдана отырып, оқушылардан өз дәлелдеу себептерін сұрау. (Ұ) Кейіпкер мінез-құлқы мен құндылықтарын талқылау және оқушылар пікірлерін барлық сынып талқысы арқылы салыстыру. (Ұ) Кейіпкерлер беру мүмкін жауаптарды анықтау үшін ыстық орынды қолдану. Оқушылар өздерінің қызықты сұрақтарын анықтап, оларды негізгі кейіпкерге қояды. Өзіне сенімді оқушыны немесе ересек адамды негізгі кейіпкердің рөлін сомдау және сұрақтарға сәйкес жауап беру үшін тандау.
(Б, Қ) Жиналыс жариялау. Әр топқа өз аргументтерін көрсетулеріне рұқсат беру. (Б) Әңгіменің қалған бөлігін оқу/көру. Соңын басты кейіпкер мен жазушы/аниматор құныдылықтарын қалай көрсететіндігін талқылау. Әңгімеде қандай мән жатыр? |
| ||||
Сабақтың соңы
|
| |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Оқушылар негізгі кейіпкердің ерекшеліктерін жазады.
| Тоғыз гауһар тас стратегиясын қолданып, оқушылардан берілген тізімнен басты кейіпкерге ең маңызды деп қай құндылықты ойлайтындарын шешулерін сұрау. Мәтіндегі дәлел қолдана отырып, оқушылардан өз дәлелдеу себептерін сұрау. | Ертегі оқу, әңгімелесу шеңберде отырып өткізіледі. | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.