1.Қазақ тілі_3-сынып_7-бөлім_Су – тіршілік көзі_14-сабақ_Сан есімдерді қайталау._ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы 14-сабақ. Сан есімдерді қайталау | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, сұрақтарға жауап береді; сөйлемнен сан есімді табады; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер: Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Судың – тіршілік көзі екендігін, оның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; Оқушыларды табиғатты қорғай білуге, оны ұқыпты пайдаланып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сын есім және сан есімдер. Қандай сұрақ қойылатыны, сын есімнің негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінетіні, олардың емлесі. Сан есімдердің есептік, реттік түрлерінің болатыны, реттік сан есімдерге жалғанатын қосымшалар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (ҰТ) Қызығушылықты ояту Оқушылар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. Өлең жолдарында берілген қимылдарды жасайды. Өлеңді барлығы бірге қайталайды.
Сан есім: екі-есептік сан есім Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу. | 4-слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 14 минут 5 минут 5 минут 7 минут | ІІ. Негізгі бөлім 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; (МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып, мақал жазады. Мысалы:Ыы Ыыы Ыыыы ЫЫЫ Ыы Ыыы Ыыыы ЫЫЫ Су — ырыстың көзі,Еңбек — кірістің көзі. Оқушыларға мақал мағынасын талдау ұсынылады. Бағалау дескрипторы:
- мақал мағынасын түсінеді; Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады. Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады. 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. (Ұ.Қ.Т.Ж.) (Т) Мәтіннен сан есімдерді тауып, түріне ажырату. Таза бұлақ Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен. Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын жерге бір қазандай қара тасты қойыпты да, тасқа «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!» деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көздері түседі. Сонда бірінші жолаушы тұрып былай дейді: Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, сөйте бара, үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мынандай ғибрат* алуға болады. Сондай адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін, - дейді. Екінші жолаушы молда екен, басын шайқап: - Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді. Үшінші жолаушы: - Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді. Ыбырай Алтынсарин Оқушылар топтарға біріктіріледі. Олар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін «Ыстық орындық» әдісін жүргізу арқылы анықтауға болады.
Мәтін мазмұны талданып болған соң әр топ тыңдалған мәтін ішінен тірек сөздерді теріп жазады.
Бағалау дескрипторы:
Сергіту сәті Дене қимыл жаттығуларын жасайды. 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; (Ж Ж) «Алтын балыққа көмектес» ойыны
Дұрыс жауабы:
Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Саны бар сөздердің шешуін тауып, сан есімдерге - ыншы, - інші жұрнақтарын жалғап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. (ӨЖ) Семантикалық картамен жұмыс
Дұрыс жауабы
Бағалау дескрипторы:
| 5-слайд №4Дәптермен жұмыс 6-слайд 7-слайд -слайд 8-слайд 9-слайд №4 Дәптермен жұмыс 10-слайд №4Дәптермен жұмыс 11-слайд 12-слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: (Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау. «Хабарлама» әдісі. Бағалай критерийлері бойынша қысқаша хабарлама жазу. Менің сабақтығы жетістіктерім... Мен ... дамытуды қолға аламын. Үй тапсырмасы Сан есім түрлерін қатыстыра отырып суды қорғау мақсатында Қазақстан балаларына үндеу жазу. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру