3-сынып_7-бөлім_Су – тіршілік көзі_13-сабақ_Сан есімдерді қайталау_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

Бөлім:

Су – тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы:

13-сабақ. Сан есімдерді қайталау

Құрастырған: Каирова К. У.

Оқу мақсаттары:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

мәтін бойынша сұрақтар құрастырып және жауап береді;

сөйлемнен сан есімді табады;

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады;

Суреттерде не бейнеленген?

Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл күй туды?

Суретте қандай көріністер бейнеленген?

Олардың пайдасы туралы не білесің?

– Адам өміріндегі маңыздылығы қандай?

Ой қозғау

Сс Ссс Сссс ССС Сс Ссс Сссс ССС Сс Ссс

Сөз сағасықұлақ,

Су сағасыбұлақ.

Көркем жазу

Мәтінді мұқият тыңда.

Су — ырыстың көзі

Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының бойында бар. Жануарлар мен адам денесінде де су өте көп . Өсімдіктердің сексен, тоқсан бес пайызы судан тұрады. Су жер бетінде үнемі тынымсыз айналымда болады. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су құрайды. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауып, қайта суға айналады. Сусыз тамақ та пісіре алмаймыз. Сусыз тазалық та болмайды. Су жолымен алысқа жүк тасымалдайды. Судың күшінен электр қуаты да алынады.

Сондықтан су — ырыстың көзі, баға жетпес байлығымыз. Оны тиімді пайдаланып, табиғатқа жанашырлық танытуымыз керек.

Мәтін не туралы?

Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап

беріңдер.

Судың адам өміріндегі маңыздылығын ата.

Мәтіннен сан есімдерді тап, оларға сұрақ қой.

Құрамында сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

Ықтимал сұрақтар:

Өсімдіктердің шамамен қанша пайызы судан тұрады?

Табиғатта су айналымы қалай жүзеге асырылады?

Сусыз тазалық болуы мүмкін бе?

Неліктен «Суды — ырыстың көзі» деп атаған?

Өзің суды пайдалану жолында қандай ақыл қосар едің?

Құрамында сан есімі бар сөйлемдер:

Өсімдіктердің сексен, тоқсан бес пайызы судан тұрады. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су құрайды.

Ой сергек! Сөзжұмбақты шешу

Қандай өзен-көлдерді білесің?

Шешуі: Торғай, Ертіс, Арал, Тобыл, Талас.

Ойлан, тап! ойыны

Сан есімдерді тап.

Есептік сан есімдерге - ыншы, - інші жұрнағының тиістісін жалға. Олардың жасалу жолдарына назар аудар.

Сан есімі бар сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз.

Бір кісі қазған құдықтан жүз кісі су ішеді.

Көлдің көркіқұрақ,

Таудың көркібұлақ.

Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық.

Қыдырдың қасыңда болғанша, бұлақтың басында бол.

Бұлаққа бұлақ қосылса, Егізбіз дейді.

Көлге көл қосылса, Теңізбіз дейді.

Саралау тапсырмасы. Тест

1. Сан есімдердің дұрыс жазылған нұсқасын белгіле.

а)он екі ә)онүш б)онбір

2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.

а) не істеді? ә)неше? б)қандай?

3. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы

а)етістік ә) сын есім б)сан есім

4. Мына сөздер қай сөз табына жатады? Екеу, он, төрт, алтау

а)зат есім ә)сан есім б)сын есім

5. Сан есім түрлерін белгіле.

а)негізгі, туынды ә)есептік, реттік

6. Білекті ................ жығады, білімді................. жығады.

а)бірлікті ә)екіні, жүзді б) мыңды, бірді

7. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Сан есімді тап.

а)ауыз ә)сөздің б)тоқсан

8. Қанша, неше, нешінші, нешеу? сұрақтары қай сөз табына қатысты?

а)етістік ә)сан есім б)сын есім

9. Заттың ............................. білдіретін сөз табын сан есім дейміз.

а)түрін-түсін ә)қимыл-іс әрекетін б)санын, ретін

10. Нешінші сұрағына жауап беретін сан есімді белгіле.

а)он екі ә)он екінші б)екеу

Үй тапсырмасы

Есептік, реттік сан есімдерді қатыстырып бес сөйлем жаз. Сөйлемдердегі есептік сан есімдерді, реттік сан есімдерге айналдыр.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу