3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_42-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ Дидактикалық материал
Дидактикалық материалдар
Бөлім:Уақыт
Сабақ тақырыбы: 42-сабақ. Түбір сөз және туынды сөз
Қосымша № 1
«Он сұрақ» әдісі Мұғалім кез-келген бір оқушыны ортаға шақырады. Оның маңдайына тақырып (түбір сөз, туынды сөз т б) жазылған стикерді жабыстырады. Оқушы сыныпқа он сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа қысқаша «ия», «жоқ» деп жауап қайтарады. Мысалы: •Қосымша екіге бөлінеді ме? (ия) •Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі жұрнақ па? (жоқ) •Түбірге жұрнақ жалғағанда туынды сөз шыға ма? (ия) т б |
Қосымша № 2
Мен бақытты баламын.
Мен бақыт… баламын ,
Шырқап әнге саламын.
Егемен... елімнің,
Жұлдызы боп жанамын.
Каирова К. У.
Қосымша № 3. 1.
1-топ
Түбір сөздерді тап |
егін, сүт, қазан, жастық, егінші, есеп, өнер, сегіз, ойыншық, аспаз |
2-топ
Туынды сөздерді тап |
сызғыш, жазушы, балапан, сөз, торсық, дүкенші, ерлік, дәптер, сүзгіш, тапқыр |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру