Спортспортшылар туралы әңгімелер оқимын. САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Дені саудың – жаны сау | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | |||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын. Көптік жалғаулар | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 1.2 Оқиғаны болжау 2.7 Шығарманың композициясын анықтау 3.3 Мәтін бойынша жоспар құру | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау 2.3.3.1 мұғалім көмегімен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Алдыңғы қатарда тұру, еңбегі босқа кету, алыс жер, баһадүр. | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлық, табандылыққа тәрбиелеп, патриоттық сезімін арттыру. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка, дене шынықтыру | |||||||||||||||||
Алдыңғы білімдер | Өлең жазу дағдылары бар. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Сабақ «Көк тудың желбірегені» әнімен басталады. -Ән не туралы? -Балалар, сендерге ән қандай көңіл күй сыйлады? - Бейне фильмді көргенде қандай сезімде болдыңдар? - Рио елінде өткен 31 олимпиадада отандастарымыз қанжығамызға қанша медаль салды? (17 -3 алтын, 5 күміс, 9 қола) - Оларды еліміздің туын желбіреткен спортшылар деп атауға болады ма? -Сендер ел туын желбірету үшін не істер едіңдер? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау) -Бүгінгі сабағымызда не жайында әңгімелесеміз? | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| (МК,Ұ) Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжату. Тірек сөздер: Рикардо Хуарес, әлем чемпионы, еңбегі еш кетті, ойсыз бокс. Мәтінді кідіріс жасап, жалғасын болжата отырып, оқып беру. Бекзат Сиднейдің шаршы алаңына екі батыр шықты. Бірі –осы уақытқа дейін әлем чемпионы атанып үлгерген америкалық Рикардо Хуарес. Екіншісі - қазақ баһадүрі Бекзат Саттарханов. ... (қалай ойлайсыңдар Бекзат қандай спорт түрімен айналысады) Рикардо құлжаның асығындай шымыр. Қоңырқай жүзінде айбын бар. Өз күшіне, бабына сенімді. Көзінен ашу ұшқындап, жер тарпып тұр. Бекзат та тас түйін. Екеуі оңды-солды аңдысып, сатыр-сұтыр ұрысқа кірісті (ары қарай не болды?) Бекзат сарт-сұрт ұрып, оңға орғиды. Көздеп ұрып, солға орғиды. Іштен, тұмсықтан дәл соғып, әлем чемпионын тықсыра түсті. Рикардо тізгіннің қолдан сусып бара жатқанын түйсініп, белсене түскен. Жоқ. Мына қазақ тым сезімтал екен. Бұл жұдырығын ыңғайлағанша, екі-үш мәрте сілтеп үлгереді. Ойлануға мұрша беретін емес. Ойсыз бокс – орға жығылу. Мына қазақтың ойы да, жұдырығы да оқтай ұшқыр. Рикардо арыстанша атылып, соққы жаудырған. Еңбегі еш кетті. Жұдырығы Бекзаттың қолғабының сыртынан қайтты. Айтып-айтпай не керек, екінші раунд біткенде Сатарханов оқ бойы озық тұрды. Есеп 15/4. Раундтың соңына қарай Рикардо тұсалған аттай күй кешті. Бекзаттың тасқамал қорғанысын талқандай алған жоқ. Амалсыздан Саттархановтың ыңғайына көнген. Сиднейдің аумағы ат шаптырым бокс залын тағы дуылдаттық. «Қазақстан! Бекзат!» Есімі елімен бірге аталған Бекзат қандай бақытты! Еліңнің туы болдың деген – осы. Атаның ғана ұлы емес, халқыңның ұлы болды деген осы шығар. Баһадүр – батыр. 1) Мәтінде кім туралы әңгімеленді? Ол кім? (МК) Мәтіннің композициялық құрылымын анықтау.
(Т) Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құруды ұсыну. Таныстырылым жасауды сұрау. (Ж) Оқушылар ұсынылған үзінділерді оқиды .Бір-бірлеріңе айтып береді. 1-оқушы. Бекзаттың қарсыласының осал емес екендігі туралы мәтінде не делінген? Тауып оқиды. 2-оқушы. Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқиды. Деңгейлік тапсырма.
(алдыңғы қатарда тұру, еңбегі босқа кету, алыс жер) | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы | (Ж) Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, олардың жалғану жолын түсіндір. Батыр, қазақ, қолғап, чемпион. Үйге: Басқа қандай спорт жеңімпаздарын білесің? Мәлімет жинастыр. | |||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету. Деңгейлік тапсырмалар ұсыну. | Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. | Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 10 минут қолдануды жоспарлаймын. | ||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.