Үлкен Жарылыс теориясының дәлелдемесі. Ғаламның жасы. Физика, 11 сынып, презентация.


Электродинамика

Оптика

Үлкен Жарылыс теориясы

Кванттық физика

Теорияның дұрыстығын дәлелдейтін не болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбы: Үлкен Жарылыс теориясының дәлелдемесі. Ғаламның жасы.

Оқыту мақсаты:

11.10.1.10 - Хаббл заңын қолдана отырып, Ғаламның жасын есептей білу;

Сабақтың мақсаттары:

- Үлкен Жарылыс теориясының дәлелдемесін атау және түсініктеме беру;

- Хаббл заңының негізінде Ғаламның жасын қалай анықтайтынын түсіндіре алу;

- галактикалардың алшақтау жылдамдығын есептеу үшін Хаббл заңын қолдана алу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

- Үлкен Жарылыс теориясының дәлелдемесін атайды және түсініктеме береді;

- Хаббл заңының негізінде Ғаламның жасын қалай анықтайтынын түсіндіреді;

- галактикалардың алшақтау жылдамдығын есептеу үшін Хаббл заңын қолдану туралы түсініктеме береді.

1-тапсырма. «Ғалам эволюциясы» мақаласынан үзіндіні оқыңдар. Кестенің бірінші бағанына Үлкен Жарылыс теориясының эксперименталдық дәлелдемесін жазыңдар.

Кесте. Үлкен Жарылыс теориясының эксперименталдық дәлелдемесі

Топпен жұмыс

2-тапсырма.

(а) Мұғалім ұсынған мәтінді оқыңдар.

(в) Кестенің екінші бағанындағы тиісті ұяшықты толтырыңдар.

(с) Мәтіннен өз үзіндісінің мазмұнын дайындаңдар.

(д) Дәлелдемелер туралы ақпаратты бір-біріңе айтып, кестенің екінші бағанын толық толтырыңдар.

Есептерді шешу

1. 1,5 * 104 км/с алшақтау жылдамдығы бар галактика бізден қандай қашықтықта?

 

2. Галактиканың ең жоғары жылдамдығы жарық жылдамдығынан артық болмауы мүмкін екенін ескере отырып, Хаббл Заңының көмегімен бақыланатын Ғаламның радиусын анықтаңдар.

Өте күрделі есеп!!!

3*. Хаббл Заңына сәйкес, кез келген галактиканың алшақтау жылдамдығы оған дейінгі қашықтыққа пропорционалды. Осы заңға сүйеніп, Ғаламдағы заттың сыни тығыздығына баға беріңдер.

Рефлексия

Сәйкес ұяшыққа белгі қойып, сабақ критерийлеріне қол жеткізу деңгейін бағалаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.