Байланыс құралдары. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

5.1 Электромагниттік толқындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамадилова З.К.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Байланыс құралдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • байланыс құралдарының жұмыс істеу қағидасын түсіну және білу;
  • байланыс құралдарының негізгі айырмашылықтарына сипаттама бере білу

 Бағалау

 критерийлері

  • байланыс құралдарының мағынасын біледі
  • байланыс құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратады;
  • байланыс құралдарының жаңашыл түрлерін ажыратып, қолдану аясын жетілдіруге ықпалын тигізеді

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сандық және аналогтық сигналдар, почта, телефон, телеграф, радио

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Почта, телефон, телеграф, радио т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы.

Радио байланыс - ақпаратты жіберу және қабылдауға радио толқындарды қолдану.

Ғарыштық байланыс - жердегі қабылдау және тарату станциялары мен ғарыш аппараттары арасында жүзеге асырылатын радио байланыс немесе оптикалық (лазерлік) байланыс.

Фото-телеграф (факс) - қағазға басылған кескіндерді (қолжазбалар, кестелер, сызбалар, суреттер және т.б.) беру және қабылдау үшін қолданылатын байланыс.

Terminology

Kazakh

Russian

Communication

Коммуникация

Коммуникация

Channels of communication

Коммуникация каналдары

Каналы коммуникации

Coding

кодтау

Кодирование

Decoding

Декодтау

Декодирование

Message

Хабарлама

Сообщения

Data

Мәліметтер

Данные

Linear

Сызықты

Линейный

 Құндылықтарды

 дарыту

  • Жұптық жұмыс кезіндегі өзара көмек, академиялық шындық.
  • Бақылау және өзін бақылауды дамыту;
  • Пәнге деген тұлғалық-мағыналық қатынасты орнату.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика, тригонометриялық функциялардың қасиеттері, туынды

ИКТ қолдану дағдылары

Байланыс құралдарының қолданылуы

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-tolqyndar/lesson/ehlektromagnittik-tolqyndardyng-qoldanyluy

Байланыс түрлерінің жаңа түрлері туралы

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-tolqyndar/lesson/ehlektromagnittik-tolqyndarynyng-shkalasy

Бастапқы білім

Аналогтық және сандық сигналдар

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-9 мин

1.Ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

2. өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында TRUE|FALSE деп аталатын сабақтың белсенді әдісін жүргізу.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-12 мин

12-20 мин

20-25 мин

25-27 мин

27-29 мин

29-35 мин

4. Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Неліктен ақпарат берудің әр түрлі тәсілдерін қолданамыз? Оқушылар жұпта талқылайды.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, оқушыларды диалогтық әңгімеге бағыттайды.

Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейтіндері де кездеседі.

  • Топпен жұмыс.

Электромагниттік толқындардың қасиеттеріне қарай байланыс құралдарында қолданылуы

Білу және түсіну дағдыларын дамытуға бағытталған.

Оқушыларға суреттер беріледі. 3 топқа бөлінеді.

Суретте электромагниттік толқындар түрлері көрсетілген.

Олардың мақсаты сол қандай толқын екенін және толық сипаттамасымен таныстырулары қажет.

Соңынан сол толқындардың ішінде ақпарат тарату және байланыс саласын жүзеге асыру үшін қайсысы кең қолданылатынын жалпы сыныппен талқылау.

Сұрақ. Байланыс құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін жазыңдар.

Оқушыларға стикер таратылады. Әр оқушы өздері дұрыс деп санаған жауаптарын жазады.

Дұрыс жауап жазған оқушыларға мадақтау айтып қолдау көрсетеді.

Байланыс түрлерінің артықшылықтарымен кемшіліктері жазылған ақпараты бар қағазды оқушыларға тарату. Оқушылар олармен асықпай толығырақ танысады.

6. Байланыс түрлерінің жаңа түрлері туралы bilimland порталынан бейнероликтер көрсету.

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-tolqyndar/lesson/ehlektromagnittik-tolqyndardyng-qoldanyluy

Сабақтың соңы

35-40 мин

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

7. Үйге тапсырма:

Байланыс түрлері туралы шағын эссе жазу (50-70 сөз)

Тарапта материал

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау. Өздік, жұптық, топтық жұмыс нәтижелерін қолдану.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық және жұптық жұмыс барысында ереже сақтау. Ынтымақтастық атмосферасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасау.

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімд ісабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

TRUE|FALSE

Аналогты сигнал ақауға бейім TRUE

2. Сандық сигнал дискретті емес FALSE

3. Аналогты сигнал не бар не жоқ FALSE

4. Сандық сигнал кодталған TRUE

5. Аналогты сигнал үзіліссіз TRUE



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.