Сабақ тақырыбы: Контурдағы еркін гармониялық тербелістердің теңдеуі. Электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу. Физика, 11 сынып, қосымша материал 2.
№1 есеп (үй тапсырмасы)
Тербелмелі контур сыйымдылығы 800 пФ конденсатордан және индуктивтілігі 2 мкГн катушкадан тұрады. Контурдың меншікті тербелістерінің периоды неге тең?
Берілгені: | Шешімі: Томсон формуласы T= T= T=0.25 (мкс) Жауабы: 0.25 (мкс) |
T-? |
Слайд 9
№2 есеп (үй тапсырмасы)
Тербелмелі контур сыйымдылығы С конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұрады. Конденсатордың сыйымдылығы мен катушканың индуктивтілігін 3 есе арттырсақ, контурдағы еркін электромагниттік тербелістердің периоды қалай өзгереді?
Берілгені: | Шешімі: 1. 3 есе артады 2. өзгермейді 3. 3 есе азаяды 4. 9 есе артады Жауабы: №1 |
Слайд 10
№3 есеп (үй тапсырмасы)
Тербелмелі контурдағы еркін тербелістер кезінде ток күшінің амплитудасы 100 мА. Тербелмелі контур сыйымдылығы 800 пФ конденсатордан және индуктивтілігі 2 мкГн катушкадан тұрса, тербелмелі контур конденсаторындағы кернеу амплитудасы неге тең? Актив кедергі ескерілмейді.
Берілгені: | Шешімі: Энергияның сақталу заңына сәйкес: Осыдан Жауабы: 100 (В) |
Слайд 11
Электромагниттік тербелістер сұлбасы
Оқушы 1 тербелмелі контурдағы процестерді көрнекі түрде сипаттайды.
Слайд 12
Оқушы 2 зарядтың, кернеудің, ток күшінің, конденсатордың электр энергиясының, индуктивті катушканың магнит энергиясының уақыт бойынша өзгерістерінің графикалық тәуелділігін қолданып, контурдағы электромагниттік тербелістерді сипаттайды.
Слайд 13
Контурдағы тербелмелі процестерді сипаттайтын теңдеулер:
Тізбектегі ток күші тербелісі конденсатор астарларындағы кернеу тербелісінен π/2-ге озатынына назар аударамыз.
Зарядтың, кернеудің және ток күшінің өзгерістерін гарманиялық заңдылықпен сипаттау кезінде синус және косинус функциялары арасындағы байланысты ескеру қажет.
Слайд 14
Есеп № 1.
Тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелділік графиктерінен 1 мкс пен 2 мкс аралығында тербелмелі контурда қандай энергия түрленулері болатынын анықтау.
1. Катушканың магнит өрісінің энергиясы максимум мәніне дейін артады;
2. Катушканың магнит өрісінің энергиясы конденсатордың электр өрісінің энергиясына түрленеді;
3. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы максимал мәнінен "0"-ге дейін азаяды;
4. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы катушканың магнит өрісінің энергиясына түрленеді.
Слайд 15
Есеп № 2.
Тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелділік графигі бойынша анықтаңыз:
а) Санақ басынан алғашқы 6 мкс өткенге дейін катушка энергиясы қанша рет максимум мәніне жетеді?
б) Санақ басынан алғашқы 6 мкс өткенге дейін конденсатор энергиясы қанша рет максимум мәніне жетеді?в) График бойынша ток күшінің амплитудалық мәнін, периодын, циклдық жиілігін, сызықтық жиілігін анықтаңыз және ток күшінің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңыз.
Слайд 16
Есеп № 3 (үй тапсырмасы)
Конденсатор астарларындағы кернеудің уақытқа тәуелділік графигі берілген. 0 мен 2 мкс аралығында тербелмелі контурда қандай энергия түрленулері болатынын анықтау.
1. Катушканың магнит өрісінің энергиясы максимум мәніне дейін артады;
2. Катушканың магнит өрісінің энергиясы конденсатордың электр өрісінің энергиясына түрленеді;
3. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы максимал мәнінен "0"-ге дейін азаяды;
4. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы катушканың магнит өрісінің энергиясына түрленеді.
Слайд 17
Есеп № 4 (үй тапсырмасы)
Конденсатор астарларындағы кернеудің уақытқа тәуелділік графигі берілген. 0 мен 2 мкс аралығында конденсатор энергиясы қанша рет ең үлкен мәніне жетеді? 0 мен 2 мкс аралығында катушка энергиясы қанша рет ең үлкен мәніне жетеді? График бойынша кернеудің амплитудалық мәнін, периодын, циклдық жиілігін, сызықтық жиілігін анықтаңыз және кернеудің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңыз.
Слайд № 18
Тақтаға екі оқушы шақырылады
Есеп № 5, 6
№1 нұсқа | №2 нұсқа |
Тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелділік гафигі бойынша және катушка индуктивтілігі L=2 мкГн екенін ескеріп, катушканың магнит энергиясының максимал мәнін анықта. | Тербелмелі контурдағы кернеудің уақытқа тәуелділік гафигі бойынша және конденсатор сыйымдылығы С=3 пФ екенін ескеріп, конденсатордың электр энергиясының максимал мәнін анықта. |
Слайд 19
№1 нұсқа | №2 нұсқа | ||||||||
|
|
Слайд 20
Есеп № 7
Тербелмелі контурдағы конденсатор астарларындағы заряд q = 3·10–7cos800πt заңдылығымен өзгереді. Контур индуктивтілігі 2 Гн. Актив кедергіні ескермей, конденсатордың электрсыйымдылығын, конденсатор электр энергиясының және индуктивті катушканың магнит өрісі энергиясының максимал мәнін анықта.
Слайд 21
Берілгені: | Шешімі: Электр зарядының гармониялық тербелісінің жалпы теңдеуі: мұндағы Ток күшінің уақыт бойынша тәуелділігін анықтайық немесе екенін ескерсек Катушка магнит өрісі энергиясының максимал мәні Конденсатордың электр өрісі энергиясының максимал мәні энергияның сақталу заңына сәйкес катушканың магнит өрісі энергиясының максимал мәніне тең екенін ескерсек Жауабы: |
Слайд 22
Есеп № 8
Идеал тербелмелі контурда еркін электромагниттік тербелістер өтуде. Кестеде тербелмелі контурдағы конденсатор зарядының уақыт бойынша өзгерісі көрсетілген
Кестені ашу
t, 10–6(C) | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
q, 10–9(Кл) | 2 | 1,5 | 0 | –1,5 | –2 | –1,5 | 0 | 1,5 | 2 | 1,5 |
1. Зарядтың уақытқа тәуелділік теңдеуін жазу. Заряд тербелісінің амплитудасын, периодын, циклдық жиілігін, сызықтық жиілігін анықта.
2.Егер конденсатор сыйымдылығы 50 пФ болса, t = 5 мкс уақытта катушканың магнит өрісінің энергиясы неге тең?
Үй тапсырмасы. Ток күшінің уақытқа тәуелділік теңдеуін жаз. Ток күші тербелісінің амплитудасын анықта. Ток күшінің уақытқа тәуелділігінің графигін құрастыр.
Слайд 23
Слайд 24
Өзіндік жұмыс:
№1 нұсқа | №2 нұсқа |
Кернеудің уақытқа тәуелділік графигінен, анықта | |
Период аралығында катушка энергиясы қанша рет максимум мәніне жетеді? | Период аралығында катушка энергиясы қанша рет минимум мәніне жетеді? |
График бойынша кернеудің амплитудалық мәнін, периодын, циклдық жиілігін, сызықтық жиілігін анықтаңыз және кернеудің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңыз. | |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.