Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Физика, 9 сынып, презентация.


Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы.

Планк формуласы.

Макс Планк 1900 жылы сәулелік энергия үздіксіз шығады деген классикалық физика түсінігіне қайшы келетін гипотеза ұсынды:

Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды;

Оларды тек үздікті (дискретті) үлес – квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады;

Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтатын бір үлес энергия квант деп аталады. Квант латынша quantum – “мөлшер”, үлес деген мағынаны береді.

Макс Планк тапқан дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергиясы мынаған тең:

- ең кіші энергия үлесі, яғни бір квант:

- сәуленің жиілігі;

- Планк тұрақтысы.

Сәуле шығаратын немесе жұтатын дененің өз энергиясы бір квантқа бүтін санына еселеніп қана өзгереді:

- электромагниттік сәуле энергиясын таситын фотондар саны;

- әрбір фотонға тиесілі ең кіші бір үлес энергия, яғни бір квант.

Фотон – тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек.

Қорытынды:

Планк энергияның үзікті өзгеретін және белгілі бір нақтылы мәндерді қабылдайтынын болжады;

Планктың ғылыми болжамы абсолют қара денелердің тәжірибеде байқалған жылулық сәуле шығару құбылысын толық түсіндіріп берді;

Планк гипотезасы негізінде салынған 2-қисық эксперимент жүзінде алынған 1-қисықпен дәлме-дәл келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.