№ 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау. Физика, 9 сынып, презентация.
Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
Зертханалық жұмыс
Оқу мақсаттары
9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
Техника қауіпсіздігінің ережелері
Партаның үстінен зертханалық жұмысты жасауға бөгет жасайтын артық заттарды алып қойыңыздар;
Мұғалімнің рұхсатынсыз орныңыздан тұруға болмайды;
Мектеп мүлкін бүлдіріп алмай, зертханалық жұмысты ұқыпты орындаңыздар
Басқа оқушылардың жұмысына бөгет жасамаңыз, егер сұрағыңыз болса, қолыңызды көтеріп, мұғалімнен сұраңыз;
Зертхана құралдарын орнату, жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтаңыздар: өлшеуіш лентамен жұмыс істегенде оның өткірлігінен қолдарыңызды кесіп алмаңыздар;
Жұмысты орындап болған соң өз орныңызды жинастырыңыз – зертхана құралдарын толығымен жинап өткізіңіз.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер
Математикалық маятниктің формуласы қалай жаззылады?
Математикалық маятникті қайда қолданады?
Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді?
Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыздар
Абсолют қателікті қалай анықтайды?
Салыстырмалы қателікті қалай анықтайды?
Зертханалық жұмысты орындап болған соң қорытындыны қалай жазады, қорытынды жазу үшін неменеге сүйену керек, нені негізге алу керек?
Қорытындының үлгісі
1 нұсқа: Тәжірибе барысында математикалық маятниктің формуласын пайдалана отырып, еркін түсу үдеуін анықтадым. Семей қаласы 50,40С ендікте орналасқан, Семей қаласында еркін түсу үдеуінің мәні 9, 811 м/с2-ге тең. Жер бетіндегі географиялық ендікте еркін түсу үдеуі тұрақты болғандықтан, тәжірибе барысында алынған еркін түсу үдеуінің мәні жуық шамамен 9,8м/с2-ге тең болды. Жұмыс барысында қойылған гипотеза дәлелденіп, жұмысқа қойған мақсатына жеттім.
2 нұсқа: Зертханалық жұмыстың мақсатында көрсетілгендей, математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуінің мәнін анықтадым. Тәжірибе барысында алынған еркін түсу үдеуінің мәні жуық шамамен 9,8м/с2-ге тең болғанымен, нақты мәннен ауытқулар болды. Бұл ауытқулардың болу себебі өлшеу құралдарының аспап қателігінен немесе адам қателігінен болуы мүмкін. Мысалы, тербелісті санаған кезде секундомерді басу уақыты дәл емес болуы мүмкін немесе жіптің ұзындығын өлшеуде қате кетуі мүмкін.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру