Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері

Оқу мақсаты: 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен

жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау

Ой қозғау!

Көздің оптикалық жүйесі қалай құрылған?

Қандай көз ауруларын білесіңдер?

Сабақ мақсаттары:

- көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін білу;

- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін білу;

- көздіӊ аккомодациясын білу;

көздіӊ ақауларын білу: алыстан көргіштік және жақыннан

көргіштік;

- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді білу.

Жеке жұмыс

Көз

Көз - күрделі оптикалық жүйе болып табылады. Көз алмасының тор қабатында (торлама) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болады.

Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене.

Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм;

Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44;

Көздіӊ оптикалық күші ≈58 дптр

Көз аккомодациясы

Әр түрлі қашықтықта орналасқан нәрселердің көз алмасының торламасында анық кескінін пайда ету үшін көздің оптикалық жүйесінің фокус аралығы өзгеру керек.

Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгерту мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады.

Көз торламасында кескіннің пайда болуы

Көздіӊ ақаулары

а) сау көз

б) жақыннан көргіштік

в) алыстан көргіштік

Жақыннан көргіштік

көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады. Көздің бұл ақауы жақыннан көргіштік деп аталады. Осы ақауды түзету үшін шашыратқыш линзалары (D<0) бар көзілдірік киеміз.

Жақыннан көргіштер алыстағы нәрселерді анық көре алмайды.

Жақыннан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден кіші.

Алыстан көргіштік

көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады. Осы ақауды түзету үшін жинағыш линзалары (D>0) бар көзілдірік киеміз.

Алыстан көргіштер жақын тұрған нәрселерді дұрыс көрмейді.

Алыстан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден үлкен.

Бағалау критерийлері:

- көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін біледі;

- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін біледі;

- көздіӊ аккомодациясын біледі;

- көздіӊ ақауларын біледі: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік;

- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді біледі.

Топтық жұмыс

1-топ үшін тапсырмалары:

1. Адам көзініӊ оптикалық жүйесініӊ негізгі бөліктерін атаӊдар.

2. Адамныӊ көз бұршағы өзініӊ қисықтығын өзгертеді. Бұл не үшін керек?

3. Оқушы оптикалық күші +2 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?

4. Судан шыққан балықта қандай көз ақауы «пайда болады»? Алыстан көргіштік немесе жақыннан көргіштік. Неліктен?

2-топ үшін тапсырмалары:

1. Көзде пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

2. Қандай жағдайда адамныӊ көз бұршағыныӊ фокус аралығы үлкен болады: теледидар көргенде немесе кітап оқығанда?

3. Оқушы оптикалық күші -3 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?

4. Суретте көз ақауы берілген. Бұл қандай көздің ақауы? Оны түзету үшін қандай линзаны қолданады? Суретін салып көрсет.

Жұптық жұмыс

Бір көзбен көруден екі көзбен көрудіӊ айырмашылығы бар ма? Жауабыңды түсіндір

Рефлексия

Үйге тапсырма:

Диаграммада дүние жүзіндегі балалар арасындағы көз ақауларының

пайыздық үлесі берілген. Себебін түсіндіріңдер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу